"Трэйд Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жанармай құю станциясының (ЖҚС) құрылысы объектісі бойынша электр беру желісін төсеу және қызмет көрсету үшін Қарабалық кенті аумағында орналасқан жер учаскесіне шектеулі (қоғамдық сервитут) пайдалану құқығын беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кенті әкімінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 11-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, 69-бабының 4 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және жер комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10 отырысының қорытындысы негізінде Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Трэйд Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жанармай құю станциясының (ЖҚС) құрылысы объектісі бойынша электр беру желісін төсеу және қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті "Алматы-Екатеринбург" тас жолы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы аумағы 0,0124 гектар жер учаскесіне шектеулі пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы берілсін.

      2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіліенген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық кентінің әкімі А. Сағынбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады