"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кенті әкімінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабының, 1-тармағының, 6) тармақшасына және "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 02-09/1885 өтініші негізінде, Қарабалық кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кентінің аумағында орналасқан "Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, "Қарабалық кентінде ғимараттар мен құрылыстардың әкімшілік кешенін салу" жобасы бойынша ауданы 1,047 гектар сумен жабдықтау, ауданы 3,296 гектар кәріз, ауданы 2,436 гектар газбен жабдықтау және ауданы 5,283 гектар әлсіз тоқтарға арналған желісі, құрылыс аймағынан ауданы 18,104 гектар ӘЖ-35 шығару үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жариаланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қарабалық кентінің әкімінің міндетін атқарушы Р. Байканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады