Қарабалық ауданы Лесное ауылындағы "Манас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 11 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 2 қазандағы № 01-20/328 ұсынысы негізінде Лесное ауылдық округі әкіміні ретімде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылының "Манас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Лесное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналыстырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лесное ауылының әкімі Ж. Аманбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетінің Қарабалық аудандық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ М. Балмагамбетова

      "___" ___________________ 2024 жылы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      ветеринария басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің Қарабалық ауданы бойынша

      мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

      _________________________ Ж. Душанов

      "___" ____________________ 2024 жылы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай облысы әкімдігі ветеринария

      басқармасының "Қарабалық ауданының

      Ветеринариялық станциясы"

      коммуналды мемлекеттік кәсіпорын

      директорының м. а.

      ________________________ У. Тумурзин

      "___" ___________________ 2024 жылы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық -

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық –

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті Қарабалық аудандық

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау басқармасы" мемлекеттік

      мекеменің басшысының

      _______________________ С. Каратаев

      "___" __________________ 2024 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады