"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 29 қантарда № 01-20/25 ұсынысы негізінде Лесное ауылының әкімі ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, "Манас" жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Лесное ауылы әкімінің 04.10.2024 жылғы Лесное ауылының "Манас" жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 04 қазанда № 11 шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лесное ауылының әкімі | Ж. Аманбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ М. Балмагамбетова
"___" _____________________ 2025 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық -
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық –
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Қарабалық аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы" мемлекеттік
мекеменің басшысы
________________________ С. Каратаев
"___" ___________________ 2025 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария
басқармасының "Қарабалық ауданының
Ветеринариялық станциясы"
коммуналды мемлекеттік кәсіпорын
директорының м. а.
_______________________ У. Тумурзин
"___" __________________ 2025 жылы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің Қарабалық ауданы бойынша
мемлекеттік ветеринариялық дәрігері
________________________ Ж. Душанов
"___" ___________________ 2025 жылы