Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және Қостанай облысы Меңдіқара ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 3 хаттамасының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Боровское - Молодежное аудандық маңызы бар жолда объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М. Е. Ахметов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Ғ. Бекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады