БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары" деген 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п бұйрығымен |
|
бекітілген | |
3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы | Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Арнайы автокөлік құралдарының саны | Айына 1 автомобильдің жүру лимиті (километр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жедел | Жануарлар дүниесін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекрециялық құндылықты білдіретін мемлекеттік табиғи-қорық объектілерін қорғау, молайту және пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыру үшін | Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | 4 | 2600 |
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде: | 123 | 2600 | ||
Ақмола облысы | 12 | 2600 | ||
Ақтөбе облысы | 6 | 2600 | ||
Алматы облысы | 13 | 2600 | ||
Атырау облысы | 4 | 2600 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 8 | 2600 | ||
Жамбыл облысы | 6 | 2600 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 6 | 2600 | ||
Қызылорда облысы | 5 | 2600 | ||
Қарағанды облысы | 9 | 2600 | ||
Қостанай облысы | 9 | 2600 | ||
Маңғыстау облысы | 5 | 2600 | ||
Павлодар облысы | 6 | 2600 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 10 | 2600 | ||
Түркістан облысы | 6 | 2600 | ||
Абай облысы | 6 | 2600 | ||
Ұлытау облысы | 6 | 2600 | ||
Жетісу облысы | 6 | 2600 |
Ескертпе:
арнайы көлік құралы – жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылауды, браконьерлікпен күресті жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы;
мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша жедел ден қоюды талап ететін халықтың өмірі үшін қауіпті жағдай туындаған кезде, оны тіркеу және болдырмау үшін, төтенше жағдайларда (су тасқыны, орман өрттері, техногендік және экологиялық апаттар және т. б.), сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер мен браконьерлікпен күрес кезінде айына 1 автомобильдің жүру лимиті 4500 километрге дейін ұлғайтылуы мүмкін;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 4500 текше сантиметрден аспауы тиіс.