Ұзынкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұзынкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның республикалық филиалына жіберу;

      2) Осы шешімді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады