Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 01.04.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33- бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Сокитбаев Мейрам Аманжолович табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс -шараларды жүргізуді тапсырсын.

      3. "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның республикалық филиалына жіберу;

      2) Осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі А. Аужанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады