Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және жерге орналастыру жобасы негізінде Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ұзынкөл ауданы Ершов ауылдық округі аумағында орналасқан, ауданы 0,0713 гектар, магистральдық су құбырын пайдалану және қызмет көрсету үшін шектеулі нысаналы жерге пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазахстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппін қамтамасыз етілсін:
1) осы қаулығы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі | М. Жұрқабаев |