Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне стелланы орналастыру және күтіп ұстау үшін, тұрақты жер пайдалану құқығымен жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне стелланы орналастыру және күтіп ұстау үшін Ұзынкөл ауылы, Қостанай-Мамлютка тас жолының бойында 164-165 км. мекенжайы бойынша орналасқан көлемі 0,0139 гектар, жайылымды қоса алғанда 0,0139 гектар жер учаскесі тұрақты жерді пайдалану құқығымен жария сервитут орнатылсын.

      2. "Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы шешімді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі К. Нурмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады