2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына орындау үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Басшы М. Тұрлыбаев

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
қосымша

2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары

р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру

әкімдер өкімі

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2024 жылғы
I тоқсан

-

талап етілмейді

2.

Санақ парақтарын, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту

СЖРА ҰСБ бұйрығы

СЖРА ҰСБ, АШМ, ЦДИАӨМ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері

2024 жылғы
I тоқсан

-

талап етілмейді

3.

Жүктеме нормаларын айқындау үшін интервьюерлер орындайтын, респонденттерге сауал салу бойынша хронометраж жұмыстарын жүргізу

СЖРА ҰСБ
бұйрығы

СЖРА ҰСБ, Еңбекмині

2024 жылғы
I тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

4.

Медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

СЖРА ҰСБ
бұйрығы

СЖРА ҰСБ, МАМ

2024 жылғы
I тоқсан

-

талап етілмейді

5.

Медиа-жоспарды іске асыру: респонденттер (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ШФҚ, ДК және ЖҚШ) арасында 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу тәртібі мен мақсаттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

роликтер, баннерлер, жарнама және басқа

СЖРА ҰСБ, МАМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi

2024 жылғы
I тоқсан – 2025 жылғы
IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

6.

Планшеттерді, автомобильдерді, өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

тауарларды қабылдау-беру актісі

СЖРА ҰСБ

2024 жылғы
I тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

7.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағында пайдалану үшін АШМ және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайындығын талдау

ақпарат

СЖРА ҰСБ, АШМ,
ЦДИАӨМ және басқа тиісті МО

2024 жылғы
I тоқсан

-

талап етілмейді

8.

Бау-бақша және (немесе) саяжай бірлестіктерінің (жай серіктестіктер, кооперативтер және тағы басқалар (бұдан әрі – бірлестіктер)) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу:
әділет органдарында тіркелген бірлестіктерді өзектілендіру;
есепке алынбаған (әділет органдарында тіркелмеген) бірлестіктерді анықтау;
бірлестіктің атауын, бірлестікке кіретін жер учаскесінің мекенжайын, кадастрлық нөмірін және иесінің ТАӘ, жер учаскесінің алаңын көрсете отырып, бірлестіктердің нақтыланған тізімдерін жасау.

СЖРА ҰСБ
АБ-ға ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері және басқа тиісті МО

2024 жылғы
I – ІI тоқсан

-

талап етілмейді

9.

МЖТ АЖ-да әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шекараларын, көшелердің атауын, үйлердің нөмірленуін өзектілендіру және нақтылау бойынша іс-шараларды жүргізу.

СЖРА ҰСБ-ға
ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, ЦДИАӨМ

2024 жылғы
IІ тоқсан,
2025 жылғы
I тоқсан,

-

талап етілмейді

10.

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу

СЖРА ҰСБ және АБ бұйрықтары

СЖРА ҰСБ, АШМ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2024жылғы
III тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

11.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік деректерге көшуді ескере отырып, "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту

сынақ актісі

СЖРА ҰСБ,
АЕО РМК, АШМ, ЦДИАӨМ, ЭТПМ, СРИМ және басқа тиісті МО

2024 жылғы
I тоқсан – 2025 жылғы IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

12.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезінде ақпараттық ресурс ретінде пайдалану үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін (ЖМБМК АЖ, АШЖБ АЖ, АТМТ БАБЖ АЖ және басқаларды) пысықтау және бар кемшіліктерді жою. Олардың ЗТ МДҚ, ЖТ МДҚ, Қаржымині МКК, МЖТ АЖ, "е-Статистика" ИАЖ-мен толық интеграциясын қамтамасыз ету.

СЖРА ҰСБ-ға
ақпарат

СЖРА ҰСБ, АШМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, СРИМ, КЕ АҚ және басқа тиісті МО

2024 жылғы
І-ІV тоқсан

бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

13.

Мыналарды:
1) 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу үшін елді мекендер мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша цифрландырлыған картографикалық материалдарды (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарлары) (ГАЖ);
2) 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезеңінде бастапқы статистикалық деректерді тексеру үшін ғарыштық мониторинг деректерін (жекелеген дақылдар бөлінісінде егістік алқаптары және басқа да деректер) ұсыну

СЖРА ҰСБ-ға
ақпарат,
цифрландырлыған картографиялық материалдар,
кестелер

ЦДИАӨМ, АШМ

 
2024 жылғы
I-II тоқсан
2025 жылғы
II-III тоқсан

бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

14.

Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарларын) жасау, бекіту және СЖРА ҰСБ-ға ұсыну

бекітілген картографиялық материалдар

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi, АШМ, ЦДИАӨМ, ҰГКАО

2024 жылғы
IV тоқсан

-

талап етілмейді

15.

Мыналарды:
1) картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарлары);
2) статистикалық нысандарды, санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау

орындалған жұмыстар актісі

СЖРА ҰСБ

2025 жылғы
I тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

16.

Ұлттық санақтарды жүргізу бойынша нұсқаушыларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және оқыту (еңбек шарты бойынша)

СЖРА ҰСБ-ға
есеп

СЖРА ҰСБ АБ,
СЖРА ҰСБ

2025 жылғы
I-II тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

17.

Санақ персоналын іріктеу, жұмысқа қабылдау және оқыту (алдын ала және негізгі аралау үшін, ӨҚКШ бойынша интервьюерлер мен нұсқаушы-бақылаушылар)

СЖРА ҰСБ-ға
есеп

СЖРА ҰСБ АБ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi

2025 жылғы
II-III тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

18.

Алдын ала аралау деректерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің нақтыланған тізімдерін жасау (қалалық және ауылдық елді мекендер үшін) және елдің аумағын санақтық аудандастыру (алдын ала) жүргізу

СЖРА ҰСБ-ға
ақпарат

СЖРА ҰСБ АБ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi

2025 жылғы
II тоқсан

-

талап етілмейді

19.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша іс-шаралардың ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу және бекіту

СЖРА ҰСБ АБ бұйрықтары

СЖРА ҰСБ АБ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi

2025 жылғы
II-III тоқсан

-

талап етілмейді

20.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа, фермер қожалықтарына, дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға (жеке қосалқы шаруашылықтар, саяжай учаскелерінің иелері) Интернет желісі арқылы сауал салу жүргізу және интервьюерлердің планшеттер арқылы сауал салу жүргізуі

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бастапқы статистикалық деректерінің дерекқорын қалыптастыру

СЖРА ҰСБ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерi

2025 жылғы
III-IVтоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

21.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бақылап аралауын жүргізу

СЖРА ҰСБ ақпарат

СЖРА ҰСБ АБ

2025 жылғы
IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

22.

2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының дерекқорларын өңдеу

шығыс кестелерін қалыптастыру

СЖРА ҰСБ,
АЕО РМК

2026 жылғы
I-IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

23.

2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын қалыптастыру және жариялау

статистикалық жарияланымдар

СЖРА ҰСБ

2027 жылғы
I-II тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі;

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қаржымині МКК


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

МАМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;

СЖРА ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

СЖРА ҰСБ АБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері;

АЕО РМК

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы "Ақпараттық есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

СРИМ


Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі;

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

КЕ АҚ

"Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

ҰГКАО

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

ЭТРМ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

АШЖБ АЖ

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі;

АТМТ БАБЖ АЖ

Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі ақпараттық жүйесі;

ГАЖ

Геоақпараттық жүйе;

ДК

Дара кәсіпкер;

ЖҚШ

Жеке қосалқы шаруашылық;

ЖТ МДБ

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры;

ЖМБМК АЖ

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесі;

ЗТ МДБ

"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры;

МЖТ АЖ

"Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

ӨҚКШ

Өтеулі қызметтер көрсету шарты;

ШФҚ

Шаруа-фермерлік қожалық.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады