"2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 217 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Санақ парақтарын, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту

СЖРА ҰСБ бұйрығы

СЖРА ҰСБ, АШМ, ЦДИАӨМ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері

2024 жылғы ІІ тоқсан (пилоттық ауыл шаруашылығы санағы үшін)
2025 жылғы
I тоқсан

-

талап етілмейді

      ";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаның 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік деректерге көшуді ескере отырып, "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту

сынақ актісі

СЖРА ҰСБ,
АЕО РМК, АШМ, ЦДИАӨМ, ЭТПМ, СРИМ және басқа тиісті МО

2024 жылғы
ІІI тоқсан – 2026 жылғы IІ тоқсан

2024 жылғы
ІІI, IV тоқсан – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде
2025 жылғы І тоқсан – 2026 жылғы ІІ тоқсан –
002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
республикалық бюджеттен

      ";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаның 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Мыналарды:
1) картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарлары);
2) санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау

орындалған жұмыстар актісі

СЖРА ҰСБ

2025 жылғы
I-IІ тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаның 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

21.

2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бақылап аралауын жүргізу

СЖРА ҰСБ-ға ақпарат

СЖРА ҰСБ АБ

2025 жылғы
ІІІ-IV тоқсан

002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы басшысы
М. Тұрлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады