"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табысты есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Тұрлыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 173 бұйрығымен бекітілген |
Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табысты есептеу әдістемесінің ЖОБАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табысты есептеу әдістемесі (бұдан әрі– Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес әзірленіп бекітілді.
2. Осы Әдістеме Отбасының цифрлық картасы негізінде медиандық табысты (бұдан әрі – Медианалық табысты) есептеу алгоритмін айқындайды.
3. Әдістемені мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган медианалық табысты есептеу мақсатында қолданады.
4. Медианалық табысты есептеу үшін ақпараттық база Отбасының цифрлық картасының (бұдан әрі – ОЦК) әкімшілік деректері және ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарат болып табылады.
5. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жиынтық табыс – ақшалай табыстар мен жеке қосалқы шаруашылықтан (бұдан әрі – ЖҚШ) түсетін үй шаруашылығының табыстар түрлерінің сомасы.
2) жан басына шаққандағы бір айдағы орташа табыс – үй шаруашылығының жиынтық табысын отбасының мүшелерінің санына және кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен айқындалатын табыс;
3) ОЦК – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған талдамалық шешім, бұл отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік береді.
4) медианалық табыс – жанбасына шаққандағы орташа табысты бөлініп сараланған қатарының ортасында тұрған көрсеткіштің мәні;
5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрi.
2. Жиынтық табысты есептеу тәртібі
6. Жиынтық табысты мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы өңірлер бойынша тоқсанда, жылда есептейді.
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
1) 1-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ОЦК-ға енгізілген әкімшілік деректер;
2) ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық жылдық ақпарат негізінде өңірлер бойынша халықтың ЖҚШ-ның өнімдерінің құнын жете есептеу.
8. Халықтың ЖҚШ өнімінің құнын жете есептеу екі кезеңмен жүзеге асырылады:
1) мал бірлігіне мен жер учаскесі ауданының бірлігіне өнім құны анықталады, өңірлер бойынша теңгемен:
мұндағы:
– ЖҚШ өнімінің мал бірлігіне (мал басына) n немесе жер учаскесі ауданының бірлігіне (гектар) s құны, өңір бойынша теңгемен;
– есептеу сәтінде өзекті ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша ресми жылдық статистикалық ақпарат негізінде халықтың мал шаруашылығы (n) немесе өсімдік шаруашылығы (s) өнімінің құны ,өңір бойынша теңгемен;
– есеп барысында ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпараттың жылдық деректері бойынша мал басының саны (n) немесе жер учаскелерінің ауданы (s), өңірлер бойынша.
2) үй шаруашылығына есептегенде халықтың ЖҚШ өнімінің құны анықталады:
мұндағы:
– үй шаруашылығына ЖҚШ-ның өнім құны, тоқсанға теңгемен;
– мал бірлігіне n (мал басына) немесе жер учаскесі бірлігіне s (гектар) ЖҚШ-ның өнім құны, өңір бойынша теңгемен;
– үй шаруашылығына мал басының (n) саны немесе жер учаскесінің көлемі (s), бұл ретте есептеулерде жер учаскінің мөлшері 0,25 гектардан аспайтын немесе мал басының саны ОЦК-ның әкімшілік деректері бойынша 100 бастан аспайтын болып қабылданады.
9. Үй шаруашылығының жиынтық табысын есептеу формуласы бойынша:
мұндағы:
– үй шаруашылығының жиынтық табысы, теңгемен;
– үй шаруашылығы бойынша ОЦК табыс сомасы, теңгемен;
– үй шаруашылығына ЖҚШ өнім құны, теңге.
10. Кезеңнің бір айындағы орташа жан басына шаққандағы орташа табысты мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бір тоқсандағы, бір жылдағы үй шаруашылығының жиынтық табысын кезеңдегі айлар санына және үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептейді.
мұндағы:
–кезеңнің бір айындағы орташа жан басынашаққандағы табысы;
– i кезеңіндегі үй шаруашылығының жиынтық табысы;
– есепті кезеңдегі айлар саны (3 немесе 12);
– i кезеңінің соңындағы үй шаруашылығы мүшелерінің саны.
11. Өңірлер бойынша сәйкестендірілмеген түрдегі алдыңғы үш айындағы ОЦК әкімшілік деректерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тоқсанның соңғы айының 20-күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Медианалық табысты есептеу тәртібі
12. Медианалық табысты анықтау үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың өсуі бойынша адамдарға саралау жүргізіледі. Медианалық табыс жан басына шаққандағы орташа табыстардың деректер базасындағы сараланған адамдар тізімінің ортасында тұрған адамның табысына сәйкес келеді.
13. Егер тізімдегі адамдардың саны тақ болса, онда медиана формула бойынша нөмірі анықталған қатардың орталық мәніне сәйкес келеді:
мұндағы,
–тиісті медианаға сәйкес келетін мән нөмірі (медианалық қатарға сәйкес келетін адамның реттік нөмірі);
N – ОЦК-ның әкімшілік деректер жиынтығындағы мәндер саны (тізімдегі адамдар саны).
14. Егер адамдардың тізімі адамдар санының жұп санынан тұратын болса, онда медианалық табыс бұл жан басына шаққандағы табыстың екі орталық мәнінен арифметикалық орта мәні болып табылады:
мұндағы,
– медианалық табыс;
–өсу бойынша сараланған,жанбасына шаққандағы орташа табыстардың екі орталық мәні.
15. Өңірлер бойынша есепті тоқсандағы медианалық табысты есептеуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы 11-тармаққа сәйкес мәліметтерді алғаннан кейін жүргізеді және нәтижелерді осы Әдістемеге 2-қосымшаның кестесіне сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі (сәуір, шілде, қазан, қаңтар) бірінші айдың 1-күнінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табысты есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
Өңірлер бойынша Медианалық табысты есептеу үшін қолданылытын ОЦК әкімшілік деректері
р/с | Әкімшілік деректері |
1 | Міндетті зейнетақы жарналары негізінде анықтылған кірістер |
2 | Бір жолғы төлемдерді қоспағанда, зейнетақылар мен жәрдемақылар түрінде алынған кірістер |
3 | Алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасы |
4 | Жеткілікті шегінен артық зейнетақы активтерін алу есебінен кіріс |
5 | Тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдар саны |
6 | Иеленушілер бойынша тіркелген жер учаскелерінің саны олардың өлшемі |
7 | Иелері бойынша тіркелген мал басы саны |
Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табысты есептеу әдістемесіне 2-қосымша |
Отбасының цифрлық картасы негізінде медианалық табыс (___ жылғы ____ тоқсан) кезеңге
орташа айына жан басына шаққанда теңгемен
Өңірлер | Медианалық табыс |
Қазақстан Республикасы | |
Абай | |
Ақмола | |
Ақтөбе | |
Алматы | |
Атырау | |
Батыс Қазақстан | |
Жамбыл | |
Жетісу | |
Қарағанды | |
Қостанай | |
Қызылорда | |
Маңғыстау | |
Павлодар | |
Солтүстік Қазақстан | |
Түркістан | |
Ұлытау | |
Шығыс Қазақстан | |
Астана қаласы | |
Алматы қаласы | |
Шымкент қаласы |