"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің Жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 264 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің Жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесінің Жарғысы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медициналық орталығы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі сенiп тапсырылған мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр генерал-майор Ч. Аринов


  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
2020 жылғы "03" қарашада
№ 17 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
2024 жылғы 10 шілдедегі
  № 264 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы)" (бұдан әрі - Орталық) заңды тұлға мәртебесі бар мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме түрі: республикалық.

      3. Орталық "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысына сәйкес құрылды.

      4. Орталықтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

      5. Орталықтың мемлекеттік басқару органы, сондай ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады.

      6. Орталықтың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы).

      7. Орталықтың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000 индексі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын алабы, Алпамыс батыр көшесі, 23/1.

2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі

      8. Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді.

      9. Орталықтың заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде есепшоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауымен бланкілері, мөрлері және мөртабаны, мекеменің рәмізі, арнайы нысаны, шевроны және оның қызметі үшін қажетті басқа да реквизиттері бар.

      10. Орталық белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелену, пайдалану, өкімдік ету құқықтары берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      11. Орталық филиалдарды құра алады.

      12. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталықта ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі алады.

      13. Орталықтың жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелуге жатады.

      Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі заңнамаға сәйкес оны ұстауға бекітілген смета шегінде басталады.

3-тарау. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      14. Орталық қызметінің мәні Орталық бөлімшелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында (бұдан әрі - ТЖ) зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар ұйымдастыру болып табылады.

      15. Орталықтың мақсаты ТЖ және жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын жүзеге асыру арқылы адам шығынын азайту болып табылады.

4-тарау. Орталықтың құқықтары мен міндеттері

      16. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Орталық (және оның филиалдары) төмендегі қызмет түрлерін іске асырады:

      1) кезекшілік-диспетчерлік қызметін тәулік бойы қызметін құрады, ұстайды және қамтамасыз етеді;

      2) Министрліктің аумақтық органдарының дағдарыс жағдайларында басқару басқармаларының кезекшілік-диспетчерлік қызметтерімен, құтқару қызметтерімен, ТЖ Министрліктің аумақтық органдарының стационарлық және жылжымалы байланыс пункттерін орналастыру кезінде байланысты және тұрақты ақпаратпен алмасуды орнатады;

      3) ТЖ медициналық-санитарлық салдарының қаупі және (немесе) оның туындауы туралы ақпаратты жинайды, тіркейді; оны өңдеуді, анықтығын тексеруді жүзеге асырады, жетіспейтін немесе нақтылауды қажет ететін мәліметтерді сұрастырады;

      4) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын жою кезінде медициналық қамтамасыз ету күштерінің және құралдарының өзара іс-қимылы бойынша республикалық, жергілікті және ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

      5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң басшылығына ТЖ туындау қаупi және (немесе) қатері кезде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      6) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын оқшаулау бойынша іс-шараларды жоспарлау және уақытылы нақтылауға және ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын жоюға қатысады;

      7) ТЖ медициналық-санитарлық салдарын жою мәселелері бойынша авариялық - құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      8) ТЖ кезінде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету күштері мен құралдарын құрады, әзірлікте ұстайды және жұмысын қамтамасыз етеді, осы мақсатта Орталық құралымдарының далалық жағдайда жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арнайы медициналық және басқа да техниканы, аппараттар мен жабдықтарды, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, байланыс құралдарын, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жедел қорларын, жеке жабдықтар, Орталық құралымдары қызметкерлерінің қорғаныш құралдары мен арнайы киімдерін, жиһаз және басқа да мүліктерін қолдануға және пайдалануға дайындықта ұстайды және қолдайды;

      9) ТЖ сипаты мен ауқымына қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрімен, Министрліктің аумақтық органдарының бастықтарымен бекіткен өзара іс-қимыл жасау жоспарлары бойынша және де тікелей Орталық басшысымен регламентке сәйкес Орталық филиалдарының қосымша күштері мен құралдары тартылады;

      10) Апаттар медицинасы мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік әзірлемелерге қатысады, сондай-ақ Орталықтың және оның филиалдарының басқару мен қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, Орталықтың және оның филиалдарының медициналық персоналы кәсіби даярлығын ұйымдастырады және әдістемелік басшылық жасайды, ТЖ дәрігерге дейінгі және психологиялық көмек көрсету мәселесі бойынша құтқарушыларды және әртүрлі санаттағы халықты даярлауға қатысады, соның ішінде ТЖ медициналық-санитарлық салдарларының алдын алу және жою, Орталықтың және оның филиалдарының қызметін жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      11) ТЖ медициналық-санитарлық салдарлары туралы ақпараттарды жинауды, тіркеу және сақталуын жүргізеді, олардың өңделуін, ықтимал медициналық-санитарлық жағдайларға ретроспективті талдау жасауды жүзеге асырады;

      12) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларының алдын алу және жою мәселелерін шешуге, Орталықтың және оның филиалдарының қызметін жетілдіруге бағытталған құтқарушылар мен әртүрлі санаттағы халықтың ТЖ кезінде дәрігерге дейінгі және психологиялық көмек көрсету мәселелерін де дайындауға қатысады;

      13) құтқарушылар мәртебесін беру үшін Орталық және оның филиалдарының қызметкерлеріне, трассалық медициналық-құтқару пунктердің (бұдан әрі - ТМҚП) қызметкерлерін қоса, аттестациялауға қатысады және өткізеді;

      14) авариялық - құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетеді және Орталық, филиал және оның ТМҚП қызметкерлеріне күнделікті қызмет жағдайында қолдау көрсетеді, соның ішінде аталған санаттағы тұлғалар қатарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді;

      15) азаматтық қорғау қызметкерлеріне, Орталықтың және оның филиалдары қызметкерлеріне психологиялық тексеруді және кәсіби іріктеуді жүзеге асырады;

      16) психодиагностикалық және психофизиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша кадр аппараттары үшін психологиялық сипаттамалар дайындалады, соның ішінде ұсынымдық сипаттағы нысандалған қорытынды рәсімделеді;

      17) Орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ТЖ медициналық - санитарлық салдарларын жою іс-шараларын өткізуге дайындығын арттыруға бағытталған қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады.

      17. Орталықтың осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ және оның құрылу мақсатына жауап бермейтін іс-әрекетпен айналысуға құқығы жоқ

      18. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік, материалдық және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

5-тарау. Орталықты басқару

      19. Орталықты жалпы басқаруды Министрлік жүзеге асырады.

      20. Министрлік заңнамамен белгіленген тәртіппен Орталықты басқару жөніндегі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1). Орталықтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді;

      2). Орталық басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершіліктерін, айқындайды;

      3). Орталыққа мүлікті бекітеді;

      4). Орталықты ұстауға смета (шығындар жоспарын) және Орталықтың жылдық жоспарын бекітеді.

      5). Орталыққа берілген мүліктің сақтануын бақылауды жүзеге асырады;

      6). Орталық басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын тағайындайды және орнынан босатады;

      7). қаржылық есеп берулер тәртібін бекітеді және заңнамамен белгіленген өзге де қызметтерді іске асырады.

      21. Орталық құрылымы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі;

      22. Орталық басшысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен лауазымға тағайындалады және босатылады.

      23. Орталық басшысы Орталық пен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды және басшылық жасауды жүзеге асырады, тікелей Министрлікке бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттерді орындауда және олардың функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады.

      24. Орталық басшысы дара басшылық үрдісімен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретке сәйкес және осы Жарғымен Орталық және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызмет мәселелерін өз бетінше шешеді.

      25. Орталық қызметін жүзеге асыру кезінде, Орталық басшысы бекітілген заңнамалық тәртіпте:

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) Орталықтың мүдделерін барлық ұйымдарда қорғайды;

      3) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде Орталық мүлкіне билік жасайды;

      4) шарттар жасасады;

      5) сенімхаттар береді;

      6) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқыту орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша Орталықтың ішкі тәртібі және жұмыс жоспарларын бекітеді;

      7) банк есеп шоттарын ашады;

      8) Орталық және оның құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) Орталықтың ТМҚП жұмыскерлерінің жұмысын ұйымдастырудың вахталық әдісі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      10) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) Министрлiкпен келiсiм бойынша филиал басшыларын жұмысқа қабылдайды және қызметтен босатады;

      12) Орталық және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      13) Орталық және оның бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

      14) жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактысы бойынша, бағынысты құралымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады;

      15) оған заңнамамен, осы Жарғымен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6-тарау. Орталықтың мүлкін құру және қызметін қаржыландыру тәртібі

      26. Орталықтың мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Орталықтың балансында көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.

      27. Орталықтың мүлкі жедел басқару құқығымен беріледі және республикалық меншікке жатады.

      28. Егер Орталыққа қызметтен түсетін кірісті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      29. Орталықтың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбайтын басқа да түсімдердің есебінен жүзеге асырылады.

      30. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп ұсынады.

      31. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді заңнамамен белгіленген тәртіппен Министрлік жүзеге асырады.

7-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      32. Орталық жұмысының режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы нормаларына қайшы болмау керек.

8-тарау. Орталықты қайта құру және тарату

      33. Орталықты қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Орталық таратылған кезде оның мүлкі мен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған ақшасы республикалық бюджет кірісіне аударылады.

9-тарау. Орталық филиалдары туралы мәлімет

      35. Орталықтың төмендегідей филиалдары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Астана қ. бойынша филиалы;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Алматы қ. бойынша филиалы;

      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ақмола облысы бойынша филиалы;

      4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Алматы облысы бойынша филиалы;

      5) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы;

      6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы;

      7) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Павлодар облысы бойынша филиалы;

      8) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы;

      9) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша филиалы;

      10) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облысы бойынша филиалы;

      11) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы;

      12) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша филиалы;

      13) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы;

      14) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы;

      15) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Шымкент қ. бойынша филиалы;

      16) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Қостанай облысы бойынша филиалы;

      17) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Түркістан облысы бойынша филиалы;

      18) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Абай облысы бойынша филиалы;

      19) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Ұлытау облысы бойынша филиалы;

      20) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің Жетісу облысы бойынша филиалы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады