Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1ш шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 4 ш шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 471 "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1ш шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ.Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады