"Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 68/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" № 128/4 қаулысы жойылсын.

      3. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Ж. Сағитоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шәріпов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 68/3 қаулысымен
бекітілген

"Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұданәрі – "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"ММ) Ертіс ауданының аумағында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiмен Үкiметiнiң актiлерiне, өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақосы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады ,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілер, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Желтоқсан көшесі, 104 ғимарат.

      10. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы:мемлекеттік тілде "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Иртышского района".

      12. Мемлекет Ертіс ауданы әкімдігі тұлғасында "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгеленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

      2-тарау. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мақсаты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің экономикалық және бюджеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша атқарушы органдарды үйлестіру, орта мерзімді кезеңге арналған аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджетінің болжамды көрсеткіштерін жоспарлау болып табылады.

      17. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметінің нысанасы аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      18. Міндеттері:

      1) Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) Ертіс ауданының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;

      3) Ертіс ауданның жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру;

      4) аймақтық дамыту саласындағы саясатты іске асыру.

      5) ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің және ауданның ауылдар мен ауылдық округтер бюджетінің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстар енгізу.

      19. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1. Ертіс ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге:

      Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы бойынша;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бойынша өздері қабылдаған актілерге өзгерістер енгізу немесе Ертіс ауданының қолданыстағы даму стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін актілердің күшін жою туралы;

      2. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      3. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын орындау және қолдану жөніндегі тапсырмалар беруге;

      4. басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      5. осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, сотта "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүдделерін ұсыну;

      6. Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

      2) Міндеттері:

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;

      2. Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын әзірлеу;

      3. мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруды қамтамасыз ету;

      4. бюджеттік параметрлерді қажеттілік бойынша түзету;

      5. қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      6. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      7. мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыру;

      2) бес жылдық мерзімге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау, жыл сайын әзірлеу, соның ішінде ауданның бюджеттік инвестияларының басымды тізімі мен бюджеттік параметрлері;

      3) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын әзірлеу бойынша ауданның атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру, әдіснамалық сүйемелдеу;

      4) аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу және өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес АЕМ-ді объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз ету деңгейін айқындау;

      5) облыстың даму жоспарын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингілеу;

      6) "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру;

      7) аудан әкімінің облыс әкімімен кезекті қаржы жылына арналған облыстық рейтингінің мониторингі;

      8) жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық және функционалдық шолулар жүргізуін ұйымдастыру:

      - өкілеттіктерді шектеу бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;

      - мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру;

      - жергілікті атқарушы органдардың оңтайлы штат санын анықтау;

      9) Жергілікті атқарушы органдардың басқару құрылымы мен схемасы бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

      10) атқарушы органдардың қызметтік және кезекші көлігінің лимитін бөлу бойынша аудан әкімі өкімінің жобасын әзірлеу және келісу;

      11) Жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп (келісім бойынша) жергілікті бюджет кірістерін болжауды жүзеге асыру;

      12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы үш жылдық кезеңге арналған шығыстарының лимиттерін айқындау;

      13) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және ауданның ауылдары мен ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бюджеттік өтінімдерін қарау;

      14) аудандық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      15) аудандық мәслихат шешімінің және аудан әкімдігінің тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін және ауданның ауылдар мен ауылдық округтер бюджетін бекіту, нақтылау және түзету туралы қаулысының жобаларын әзірлеу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету;

      17) ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

      18) бюджеттік жоба бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      19) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;

      20) іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін қалыптастыру;

      21) перспективалы ауылдарды айқындау әдістемесі бойынша тірек, спутниктік және шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау;

      22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      23) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

      24) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ақпараттық ресурстар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      25) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау және "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

      26) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, бекіту және орындау, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3-тарау. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      23. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.

      24. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бiрiншi басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

      2) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"ММ жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді және оған тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді және бұйрықтар шығарады;

      6) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;

      8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді;

      9) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10) "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      11) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      12) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

      "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      26. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ тиісті саласының уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      27. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ еңбек ұжымы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4-тарау. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүлкi

      28. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ заңнамада көзделген жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сонымен қатар өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      30. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ, егер бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қысқартылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғыннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

      33. "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады