Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Р. Айтмағамбетов

  Тереңкөл ауданы Тереңкөл
ауылдық округі әкімінің
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1 шешіміне
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы
мақсаты

Пайдалану
мерзімі
(жыл)

Жер телімінің орналасқан
жері

1

"Қазақтелеком"
акционерлік қоғам

0,0009

ҚБ (қашықтағы блок) орналастыру және қызмет көрсету үшін

10

Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады