"Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 шешiмi

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" 1-бөлімі мынадай мазмұндағы елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші жолдармен толықтырылсын:

      "

59)

Комплемент жүйесінде басым ақауы бар біріншілік иммундық тапшылықтар

"Ланаделумаб"

60)

Асқазан қатерлі ісігі

"Ниволумаб (Опдиво)"

61)

Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық ісігі

"Ипилимумаб (Ервой)" және "Ниволумаб (Опдиво)

62)

Тері меланомасы

"Ипилимумаб (Ервой)" және "Ниволумаб (Опдиво)"

63)

Ходжкиндік емес диффузды ірі В-жасушалы лимфома

"Полатузумаб"

64)

Виллебранд ауруы

"Вилате 500МЕ"

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады