Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 1/119 қаулысы

      Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Әмрин

  Алматы қаласының
әкімдігінің 2024 жылғы
"__" ___________ №__
қаулысына қосымша
  Алматы қаласының
әкімдігінің 2022 жылғы
"20" шілдедегі № 3/342
қаулысына қосымша

Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi

р/с

Мектепке дейінгі ұйымның түрі

Тәрбиеленушілер саны

2023 жылғы қыркүйектен бастап
айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Айына бір балаға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік)

37 120

52 368

25 000

2

Бөбекжай-балабақша (жеке меншік)

42 943

52 368

25 000

3

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар)

224

95 369

-

4

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы мектепалды топтар)

 
210

 
22 965

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады