Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының ережелері бекітілсін.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
1) Алматы қаласының әділет органдарында Мекемелерді мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "___"____________ №______ қаулысына 1 қосымша |
"Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Алматы қаласының аумағында саябақтарды, скверлерді, субұрқақ шаруашылығын дамыту арқылы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын функцияларды орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) инклюзивтілік және тұрақтылық қағидаттары бойынша қоғамдық кеңістіктерді дамыту арқылы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру;
2) қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша бірыңғай қағидаттар мен тәсілдердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) қадамдық қолжетімділік және Алматы қаласын көпорталықтан дамыту қағидаттары бойынша қоғамдық кеңістіктерді жобалау және құру;
4) қоғамдық кеңістіктерге интеграциялай отырып, субұрқақ шаруашылығын тиімді басқару және дамыту;
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
белгілі бір жұмыс түрлерін орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін тарту;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұйымдармен және заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасау;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, мәслихат шешімдерінің және Алматы қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын енгізу;
консультативтік-кеңесші органдарды құруға бастамашылық жасау, сондай-ақ олардың жұмысына қатысу;
Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатына, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға саябақтарды, скверлерді, субұрқақ шаруашылығын дамыту арқылы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру саласындағы жұмысты жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгіну;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
14. Функциялары:
1) инклюзивтілік және тұрақтылық қағидаттарын ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу;
2) қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін талдау жүргізу және халықаралық тәжірибені зерделеу;
3) қадамдық қолжетімділік және көпорталықтылық қағидаттары негізінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлау, жобалау және іске асыру;
4) халықтың барлық топтары үшін қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығына мониторинг жүргізу және бағалау;
5) халықтың барлық топтары үшін қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін қолданыстағы саябақтар мен скверлерді реконструкциялау;
6) қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларын әзірлеу кезінде жоспарлау және шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
7) қоғамдық кеңістіктер құру кезінде халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
8) жайлы ортаны қамтамасыз ету шеңберінде саябақтарды, скверлерді, бульварлар мен жалпы пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру, жобалау, салу және реконструкциялау бойынша аудан әкімдері аппараттарының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қалалық қызметтердің және жөніндегі өзге де ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіру және мониторингтеу;
9) қоғамдық кеңістіктерді жобалау, салу және күтіп-ұстау принциптері мен тәсілдерін айқындау;
10) өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
11) аудан әкімдіктерімен және жоба әкімшілерімен бірлесіп қоғамдық кеңістіктердің жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;
12) Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің қоғамдық кеңістіктер бойынша жобаларының тұжырымдамаларын келісу;
13) қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
14) субұрқақтарды әзірлеу және реконструкциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
15) суды басқарудың, суды тазартудың және энергияны үнемдеудің тиімді жүйелерін пайдаланатын экологиялық тұрақты субұрқақтар құру;
16) субұрқақтардың үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуіне ықпал ететін іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
17) Алматы қаласының тұрғындарын Мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі туралы хабардар ету, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастыру шеңберінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша халықтың хабардар болуын арттыру;
18) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
19) өтініштерге талдау жүргізу және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
15. Мемлекеттік мекемеге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен жүзеге асырылатын функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
5) Мемлекеттік мекеменің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз өкілеттіліктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
8) Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіруге сенімхат береді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "___"____________ №______ қаулысына 2 қосымша |
"Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Алматы қаласының аумағында сейсмикалық қауіпсіздік, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды үйлестіру, азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік мекемеге Мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) Алматы қаласының аумағында сейсмикалық қауіпсіздік, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуын үйлестіру;
2) Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Алматы қаласының аумағындағы басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауына мониторинг жүргізу;
3) Алматы қаласының аумағында сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесін жетілдіру;
4) төтенше жағдай салдарын жою кезінде қоршаған ортаны сауықтыру және шаруашылық қызметті қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
5) төтенше жағдайларды және олардың салдарын, оның ішінде жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою үшін басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
6) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған Алматы қаласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
7) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған Алматы қаласының аумақтық қорғаныс жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды орындау;
8) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
9) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды өткізу және үйлестіру;
10) Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, қалалық қызметтер мен бөлімшелердің, ішкі істер органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
11) Алматы қаласының аумағында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ терроризмнің салдарын барынша азайту немесе жою жөніндегі қызметті және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті құжаттаманы, ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;
белгілі бір жұмыс түрлерін орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартуға;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұйымдармен және заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасауға;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық (оның ішінде жабық) деректер банктерін пайдалануға;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, мәслихат шешімдерінің және Алматы қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын белгіленген тәртіпте енгізуге;
консультативтік-кеңесші органдарды құруға бастамашылық жасауға, сондай-ақ олардың жұмысына қатысуға;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бағдарламаларды, ұсыныстарды әзірлеуге және Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатына, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға енгізуге;
заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;
белгіленген тәртіпте әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған іс-шараларды орындауға тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
14. Функциялары:
1) жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауын үйлестіру және бақылау;
2) сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру және хабардар етудің заманауи инновациялық жүйелерін енгізу жөнінде ұсыныстар беру, халықты ақпараттандыру және оқыту;
3) жойқын жер сілкінісі мен басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдар, ұйымдар, азаматтық қорғау қызметтері мен шұғыл жедел қызметтер арасында үйлестіруді, іс-қимылдар мен келісімді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларды жүргізуді үйлестіру және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша халықты оқыту, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне оларды ұйымдастыру мен өткізуге жәрдем көрсету;
5) жер сілкінісі және түрлі төтенше жағдайлар туралы халықты ерте ескерту жүйесін дамытуды үйлестіру, сондай-ақ халық қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру;
6) төтенше жағдайлар кезінде, оның ішінде жер сілкінісі туындаған кезде халықты және ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабардар ету мәселелерін үйлестіруге қатысу;
7) ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-мен, "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен және басқа да ұйымдармен, сондай-ақ сейсмология және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы ғылыми институттармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
8) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Алматы қаласының аумағында жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асыру;
9) қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) Алматы қаласы объектілеріне сейсмикалық аудит жүргізу;
11) Алматы қаласында жұмылдыру дайындығы, аумақты жедел жабдықтау, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындауды және тиісті жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
12) Алматы қаласының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
13) құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған құжаттаманың, сондай-ақ жоғары тәуекел объектілеріне, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасының сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі жұмысын бақылау;
14) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделері үшін міндеттерді орындау, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында экономиканың және халықтың тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдар құруға және олардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
15) құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысу;
16) жергілікті жұмылдыру тапсырыстарын айқындауды және орналастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ ұйымдардың жұмылдыру тапсырыстары мен тапсырмаларын орындауын қамтамасыз ету;
17) Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жергілікті жұмылдыру тапсырыстарын орындауға, жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) дайындау және оларды ұйымдармен жасасу жөніндегі жұмысын үйлестіру;
18) жергілікті атқарушы органдардың жұмылдыру органдарының, бағынысты мекемелер мен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың қызметкерлерін жұмылдыру органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
19) жұмылдыру дайындығы және Алматы қаласының жұмылдыру дайындығын бағалау жөніндегі есептерді дайындауды және жинақтауды орындау;
20) жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыру;
21) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Алматы қаласы Қорғаныс кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және қызметін үйлестіру;
22) бейбіт уақытта Алматы қаласын азаматтық қорғаныс бойынша алдын ала дайындауға қатысу;
23) командалық-штабтық, тактикалық-арнайы, әскери-экономикалық оқу-жаттығуларды, жаттығулар мен жиындарды дайындау және өткізу жөніндегі құжаттаманы әзірлеу;
24) Алматы қаласы әкімдігінің басшылығына жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларға ақшалай қаражат бөлу мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;
25) "Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіру;
26) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу, сондай-ақ жұмылдыруды орналастыру және Алматы қаласының жұмылдыру жоспарының іс-шараларын орындау бойынша әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу;
27) жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, орталық мемлекеттік органдармен, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты мекемелермен, Алматы өңірлік гарнизонының қолбасшылығымен, сонымен бірге басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар ұйымдармен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
28) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
29) құзыреті шегінде штаттық-табельдік қажеттілікке сәйкес аумақтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімшелерінің әскери уақытқа жеке құраммен, техникамен және басқа да қажетті құралдармен қалыптастырылуын және жасақталуын бақылауды жүзеге асыру;
30) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Алматы қаласының аумақтық қорғанысын ұйымдастыруға қатысу;
31) бейбіт уақытта, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Алматы қаласының Аумақтық қорғаныс бригадасымен өзара іс-қимыл жасау;
32) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында міндетті күзетуге және қорғауға жататын коммуналдық маңызы бар маңызды объектілер мен коммуникациялардың тізбесін әзірлеу және бекітуге ұсыну;
33) құзыреті шегінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында, сондай-ақ әскери басқарудың жедел-аумақтық органдарымен келісім бойынша арнайы орналастыру кезінде Алматы қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының жинау пункттерін және орналастыру орындарын айқындау;
34) Алматы қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының қару-жарағын, техникасын, оқ-дәрілерін және басқа да мүлкін орналастыру кезінде, әскери жиындар өткізу, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңдерінде және соғыс уақытында оларды сақтау орындарын анықтауға қатысу;
35)құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін Алматы қаласының аумақтық қорғаныс бригадасын ұстауға және қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
36) құзыреті шегінде азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету және әскери қызметке даярлау, оларды әскери қызметке шақыру, әскери жиындарды және жұмылдыруға шақыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
37) әскери басқару органдарының жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен қамтамасыз етілуіне, оларды ұстауға, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру;
38) құзыреті шегінде азаматтарды әскери қызметке шақыру және әскерге шақырылушыларға дейінгі адамдарды, жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру және медициналық комиссияларын тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру;
39) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы қалалық жинау пунктінің жұмысын үйлестіру;
40) құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындау және қаланың аумақтық қорғанысын дайындау шеңберіндегі іс-шаралар бойынша бюджет қаражатының мақсатты атқарылуын бақылауды жүзеге асыру;
41) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және әскерге шақыру пункттеріне немесе әскери бөлімдерге жеткізуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жинау пункттеріне немесе әскери бөлімдер мен арнаулы мемлекеттік органдарға техниканы жеткізуді қамтамасыз етуге қатысу;
42) Алматы қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру және комиссияның жұмыс органы - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ комиссиялардың хаттамаларын дайындауда, келісуде, тіркеуде және таратуда жәрдемдесу;
43) құзыреті шегінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
44) азаматтық қорғау басқармасының аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құру және үнемі дайындықта ұстау;
45) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылықты ұйымдастыру;
46) азаматтық қорғау мүлкінің көлемін айқындау, оны жинақтау, сақтау, жаңарту және дайындықта ұстау жөнінде қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ қалада және жұмылдыру тапсырыстары бар кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмылдыру резервін құру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
47) құзыреті шегінде әкімнің негізгі және қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету және оларды дайындықта ұстауға қатысу;
48) Алматы қаласының авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтермен ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
49) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, төтенше жағдайлар кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
50) құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардаптарды жою және залалды азайту жөніндегі шараларды әзірлеуге және қабылдауға қатысу;
51) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу тізбесін дайындауды жүзеге асыру және оны Алматы қаласының әкіміне бекіту үшін енгізу;
52) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын қорғау, әскери қақтығыстар туындаған кезде залал мен шығындарды азайту мақсатында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды өткізу;
53) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуді үйлестіру;
54) азаматтық қорғау саласындағы мамандар мен басшы құрамды даярлау, қайта даярлау курстарында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
55) құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындау шеңберінде "Алматы қаласының құтқару қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын үйлестіру;
56) азаматтық қорғау органдарына, оның ішінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне негізгі қызмет пен өткізілетін іс-шараларда жәрдем көрсету, сондай-ақ командалық-штабтық, тактикалық-арнаулы, әскери-экономикалық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізуге қатысу;
57) Алматы қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардан және өзге де уәкілетті органдардан келіп түсетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ақпарат пен басқа да материалдарды талдауды жүзеге асыру;
58) қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық қорғау қызметінің басқа да мәселелері бойынша қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындауды жүзеге асыру;
59) құқық бұзушылықтардың алдын алу , қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
60) құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
61) құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру;
62) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссияның, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Антитеррористік комиссияның, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың қызметін қамтамасыз ету және терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабтың жұмысына жәрдемдесу;
63) мемлекеттік органдардан ақпарат жинауды жүзеге асыру және Комиссияның ақпараттық қажеттіліктерінің тізбесі шеңберінде ай сайынғы негізде экспресс-талдаулар жасау;
64) Алматы қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу және бекітуге енгізу;
65) өтініштерге талдау жүргізу және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
66) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Мемлекеттік мекемені басқаруды Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен жүзеге асырылатын функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
4) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) Мемлекеттік мекеменің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз өкілеттіліктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
8) Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіруге сенімхат береді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Алматы қаласының құтқару қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
"Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.