Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарының төраға орынбасарлары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 241 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарының төраға орынбасарлары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Әлназарова

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігімен
КЕЛІСІЛДІ

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 241 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарының төраға орынбасарлары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, (2 бірлік), С-1 санаты, 23-1-2, 23-1-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіптік құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Құзыреті шегінде Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Эпидемияға қарсы іс-шараларады жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғауды ұйымдастыру. Аса қауіпті инфекцияларды және биоқауіпсіздікті бақылау және қадағалауды ұйымдастыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер және көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, (1 бірлік), С-1 санаты, 23-1-4

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу), ақпараттық коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (автоматтандыру және басқару, инженерия және инженерлік іс), денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіптік құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеуге және мониторингілеуге қатысу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, (1 бірлік), С-1 санаты, 23-1-5

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіптік құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Экономика және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру, орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік мүлкін басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы қаржыландыру және есептілікті қалыптастыру. Жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау (жалпы медицина, стоматология, педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіптік құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік саясатты, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалауды іске асыру.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру (кері қайтарып алу). Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау (фармация) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіптік құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады