"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 345 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/3 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жұмылдыру даярлығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласындағы функция, өкілеттік және штат бірлігі берілсін.

      3. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкiмдiгiнiң
  2024 жылғы 21 қазандағы
  № 345 қаулысымен
  бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Петропавл қаласы, 2024ж.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әскери міндет пен әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы бар: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамандандырылған базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және Басқарманың регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150000, Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Егемен Қазақстан көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Басқарманың мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде облыс әкімі мен әкімдігінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс саласындағы іс-шараларды іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      облыс әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      облыс әкімі мен әкімдігінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды құзыреті шегінде сұрату және алу;

      облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретінің мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, өзін-өзі басқару қоғамдық органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) халықты және ұйымдарды азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабардар ету;

      2) өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды мониторингтеу;

      3) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері туындаған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсетуді үйлестіру;

      4) бекітілген бюджеттік тағайындауларға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      5) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық жасау;

      6) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемін айқындау мен жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

      7) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      8) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту алдында қарау;

      9) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру;

      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      11) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысу;

      12) облыстық басқармаларға әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету;

      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

      14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы хабардар етуді және жеткізуді ұйымдастыру, техниканы жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында олардың басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждары үшін беру;

      15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдар (азаматтық қорғау қызметтерін) құру және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделерінде міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында экономика мен халқтың тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін олардың қызметін қамтамасыз ету;

      16) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу, келісу және бекіту;

      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығын өткізу мақсатында аудандар (қала) әкімдіктерінің ұйымдармен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;

      18) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

      19) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      20) мемлекеттік органдармен бірлесіп, экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру;

      21) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін қарастыру;

      23) жұмылдыру жарияланған кезде іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      24) жергілікті ауқымдағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      25) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың Аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу;

      26) соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетуге және қорғауға жататын коммуналдық меншік кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесін бекітуге қатысу;

      27) азаматтарды әскери қызметке ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге және дайындауға, оларды әскери қызметке шақыруға, әскери жиындарға және жұмылдыру бойынша әскерге шақыруға қатысу;

      28) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжатты әзірлеуге, Қазақстан Республикасы қорғанысы мүддесінде аумақты жедел жабдықтау іс-шараларын орындауға және қорғаныс мақсатында коммуникацияны жайындауды қамтамасыз етуге қатысу;

      29) құпия іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      30) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшілік ететін салаларда жиынтық ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру және өзектілігін қамтамасыз ету;

      31) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      32) дағдарыс жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен қызметтері жоспарына сәйкес жергілікті және орталық атқарушы органдардың аумақтық құрылымдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      33) соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасына соғыс қаупі үдейе түскен кезде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің іс-қимыл жоспарын әзірлеуге қатысу.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      2) Басқарма қызметкерлерінің құрылымын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекіту;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік ету;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болу;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;

      8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

      9) Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болу;

      10) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдау және оларға тәртіптік жаза қолдау;

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы жекеленген мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады