Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауға;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
10 желтоқсандағы 2024 жылғы | |
№ 409 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 264 қаулысына | |
қосымша |
"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
Петропавл қаласы, 2024 жылғы
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарын ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің ведомствоға бағынысты ұйымдары жоқ.
3. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi мен атауы мемлекеттiк және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбер мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына сәйкес бекітіледі.
9. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: 150011, Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:
мемлекеттiк тiлде: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение "Управление цифровых технологий акимата Северо-Казахстанской области".
11. Осы Ереже "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциясы болып табылатын мiндеттi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.
14. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi ішкі күн тәртібіне сәйкес айқындалады.
15. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшы арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады және реттеледі.
16. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес айқындалады.
2. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi мен өкілеттіктері
17. Тапсырмалар:
1) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуға және экономиканың басты салалары мен тыныс-тіршілік салаларына енгізуге жағдай жасауды қамтамасыз ету;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жұмысын үйлестіру;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ "ақылды" қала тұжырымдамасын іске асыруға қатысу;
5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуін қамтамасыз ету;
6) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізу;
7) мемлекеттік органдар оларды автоматтандыру жолымен көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
18. Өкілеттіктер:
1) құқығы:
орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және өзге де ұйымдардан осы Ережеде айқындалған функцияларды орындауға қажетті мәлімет пен материалды белгілденген тәртіпте сұратуға және алуға;
кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технология басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияны орындауға қажетті мәліметті, анықтаманы, құжатты сұратуға және алуға;
ақпараттық жүйені әзірлеуге, жаңғыртуға және пайдалануға, тауар сатып алуға және ақпараттық технологияны әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен, әкімдіктің және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жүйесін құрумен және пайдаланумен байланысты мәселе бойынша қызмет көрсетуге арналған конкурс құжаттамасының техникалық спецификациясына, соның ішінде ұсыныс енгізуге келісім беруді жүзеге асыру;
наразылық білдіру, талап арыз беру, сотта өз құзыреті шегінде талап қоюшы және жауап беруші ретінде әрекет ету;
жедел басқарудағы мүлікке иелік етуді, пайдалануды және билік етуді жүзеге асыру;
жергілікті атқарушы биліктің басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
2) Мiндеттерi:
орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімдерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен өзге де ұйымдардың басшылары мен мамандарын тартып, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселе жөніндегі кеңестерді белгіленген тәртіпте өткізу;
әкімдікке өз құзыреті шегінде реттелетін қатынас мәселелері, өңірдің даму мақсаты мен басымдығын айқындау жөнінде және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің оны орындауын бақылауды жүзеге асыру туралы, сондай-ақ облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу;
тауарды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырып, өткізу;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселе жөніндегі жұмыс топтары мен комиссияларды құру;
3) Функциялар:
жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет және ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңнамалық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін іске асыруға практикалық көмек көрсету;
Мемлекеттік органдардың интранет-порталы, Е-лицензиялау, Электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі республикалық ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
облыс әкімдігінің "Ақпараттық технологияны қолдану" бағытындағы қызметінің тиімділігін бағалау материалын дайындау;
мемлекеттік органдардың функцияларын ілгеріде автоматтандыру мәніне талдау;
жергілікті атқарушы органдарды Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз ету;
электронды құжат айналымы жүйесін дамытуға қатысу;
жергілікті атқарушы органның типтік архитектурасына сәйкес мемлекеттік органдар инфрақұрылымының құрылуын бақылау;
Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануының тиімділігіне мониторинг жасау;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру;
уәкілетті органға мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау нәтижесі жөніндегі ақпаратты беруді қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылау және мониторинг жасау (бақылау іс-шаралары, талдау, есеп);
сыртқы және ішкі сарапшыларды тартып, мемлекеттік органдар үшін заманауи цифрлық технологияны қолдану жөніндегі тренинг, семинар және таныстыруды ұйымдастыруға қатысу;
ақпараттандырудың жаңа үлгісін қалыптастыру және дамыту жұмысына қатысу;
Цифрландыру офисінің кеңесін ұйымдастырып, өткізу;
орталық мемлекеттік органдармен цифрландыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, Солтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қала әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың тиісті саланы цифрландыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру;
цифрлық жобалардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
"Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды бақылау;
Өз бағыттары бойынша "Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы Ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуын бақылау;
цифрлық жобаларды, оның ішінде "Ақылды қалалар" эталондық стандарты шеңберінде енгізу және дамыту;
өз құзыреті шегінде тұжырымдаманы, конкурстық құжаттаманы және техникалық тапсырмаларды келісуге қатысу;
сервистік бағдарламалық өнімдерді жобалауға тапсырмаларды қарау және келісу;
облыстың цифрлық экожүйесін Қазақстанның экожүйесіне енгізе отырып, дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
"электрондық үкіметті" дамыту және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңнамалық актілерінің, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалу жұмысын ұйымдастыру;
"электрондық үкімет" бастамаларын, цифрландыру саласындағы жобаларды танымал етудің PR-стратегиясын іске асыру;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру шарасын қабылдауды қамтамасыз ету;
ашық дерек интернет-порталына Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының ашық дерегін орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
байланыс және интернет мәселелері бойынша уәкілетті органмен және
байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау;
жетекшілік ететін салалары бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның үздік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсыну.
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі өтініштерін қарау;
байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивтік және орталық мемлекеттік архивтерді жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
субьектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешімдер қабылдайды;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дәйексіз немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
субьектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
3. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттің орындалуына және оның өз функциясын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
20. Бiрiншi басшыны Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқау береді;
4) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады.
Басшы жұмысты ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, ерлер мен әйелдердің тең құқығының және тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, жүктелген міндеттің орындалуы мен оның өз функциясын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы.
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгесi белгiленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_____________________________