Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу Нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С. Баумағанбетов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Объектінің атауы | Есептік бірлік | Жинақтаудың есептік нормалары, м3/ жыл |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,707 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,22 | |
2. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,549 |
3. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,475 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,295 |
5. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,096 |
6. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,426 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,11 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,621 |
9. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,098 |
10. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,149 |
14. | Машиналардан сату | 1 м2 сауда орны | 0,351 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,176 |
16. | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,072 |
17. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,112 |
18. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 3,677 |
19. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,624 |
20. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,829 |
21. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,079 |
22. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,91 |
23. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,064 |
24. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,29 |
25. | Ауылдың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары |
1000 | 0,031 |
Ескерту.
Аббревиатураның транскрипциясы:
м2-шаршы метр;
м3-текше метр.