Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15-3 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданы мәслихатының төрағасы
С. Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 13 ақпандағы
  № 15-3 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жиналған шамасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,58

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,71

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты объектілер

1 орын

1,18

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,72

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,43

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,48

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,002

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,83

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,41

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,45

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,01

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,03

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,28

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,38

16

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 м2

0,23

17

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,31

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

3,40

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,78

20

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,56

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

3,55

22

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,38

23

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,88

24

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,06

25

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,63

26

Ауыл аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,009

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы

      м2-шаршы метр

      м3-текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады