Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің м.а. 13.06.2024 № 06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы 5 тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, 50-бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің міндетін атқарушының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 тіркелген), елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, мен Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын сәйкес іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
М. Мұхамедияров |