"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 03 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің м.а. 2024 жылғы 13 маусымдағы № 06 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 03 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады