"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 144 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 160 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 144 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      15-тармақта келесі тармақшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) Жергілікті бюджетке түсімдерді болжауға және үш жылдық кезеңге бюджетке кірістердің түсімдері саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарын анықтауға қатысу;

      2) аудандық бюджеттік бағдарламалардың, жоспарлы кезеңге жаңа бастамалардың лимиттері бойынша шығындардың лимиттерін айқындау және оны әкімшілерге жеткізу";

      "4) жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және сәйкесінше қаржылық жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) аудандық бюджеттің жобасын (аудандық бюджетке өзгерістер) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу және қарау нәтижелері бойынша оны түзету";

      "7) аудандық бюджетті бекіту туралы, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредиттің мөлшері туралы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жалақының жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы, аудандық бюджетті нақтылау туралы, өз құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін дайындау";

      "13) "Ауданның азаматтық бюджетін" әзірлеу және орналастыру";

      30), 47), 48), 49), 56), 68) тармақшалар алынып тасталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      3) енгізілген өзгертулер туралы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органды хабардар етуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі М.Мұхамедияров

  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы "30" мамырдағы
  № 160 қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілетін өзгерістер тізбесі

      1. Ереженің 15-тармағының 1), 2), 4), 5), 7), 13) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) Жергілікті бюджетке түсімдерді болжауға және үш жылдық кезеңге бюджетке кірістердің түсімдері саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарын анықтауға қатысу;

      2) аудандық бюджеттік бағдарламалардың, жоспарлы кезеңге жаңа бастамалардың лимиттері бойынша шығындардың лимиттерін айқындау және оны әкімшілерге жеткізу";

      "4) жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және сәйкесінше қаржылық жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) аудандық бюджеттің жобасын (аудандық бюджетке өзгерістер) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу және қарау нәтижелері бойынша оны түзету";

      "7) аудандық бюджетті бекіту туралы, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредиттің мөлшері туралы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жалақының жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы, аудандық бюджетті нақтылау туралы, өз құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін дайындау";

      "13) "Ауданның азаматтық бюджетін" әзірлеу және орналастыру";

      30), 47), 48), 49), 56), 68) тармақшалар алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады