Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 17/2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) және 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы
Л. Топорова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 16 сәуірдегі
  шешіміне 1-қосымша

Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Реттік нөмірі

Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі

Есеп бірлігі

Коммуналдық қалдықтарды жинақтаудың жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,24

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,73

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,8

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,62

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,11

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0058

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,15

8

Мектептер және өзге оқу орындары

1 оқушы

0,23

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,17

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

-

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,058

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,85

15

Көше саудасы

сауда орнының 1 м2

0,32

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,32

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,78

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,41

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

3,41

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

-

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

-

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,34

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,47

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

Жалпы алаңы 1 м2

-

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

-

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

-

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 16 сәуірдегі
  шешіміне 2-қосымша

Жамбыл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Жинау және тасымалдау

Сұрыптау

Көму

барлығы

Құны (теңгенің қосылған құн салығынсыз)

Бір адамға

205,86

26,36

70,78

303


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады