Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 14-22 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағы 2) және 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы А. Рахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы
  мәслихатының 2024 жылғы
  24 мамырдағы № 14-22
  шешіміне 1 қосымша

Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Реттік
нөмірі

Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі

Есеп
бірлігі

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері

1 тұрғын

1,1

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай нысандар

1 орын

0,8

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,05

4

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,2

5

Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,4

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 бару

0,5

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

3,7

8

Мектептер және басқа оқу орындары

1 оқушы

0,30

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,4

11

Мұражайлар, көрмелер

1 м2 жалпы ауданы

0,03

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша
1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

1 м2 жалпы ауданы

0,03

14

Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер

1 м2 сауда ауданы

0,6

15

Көшедегі сауда

1 м2 сауда орны

0,8

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

1 м2 сауда ауданы

0,51

17

Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

1 м2 жалпы ауданы

0,1

18

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

1 м2 жалпы ауданы

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

1 м2 жалпы ауданы

0,9

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

1 м2 жалпы ауданы

0,78

21

Дәріханалар

1 м2 сауда ауданы

0,18

22

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, ЖҚС

1 көлік орны

3,4

23

Автошеберханалар

1 жұмысшы

5,4

24

Көлікжай кооперативтері, көлікжайлар, паркингтер

1 көлікжайға

-

25

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орнына

2,24

26

Кір жуу, химтазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

1 м2 жалпы ауданы

0,37

27

Аяқ киім, сағаттар, зергерлік бұйымдар жөндеу шеберханалары

1 м2 жалпы ауданы

1,9

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау және т.б.)

1 м2 жалпы ауданы

2,1

29

Моншалар, сауналар

1 м2 жалпы ауданы

0,42

30

Қала аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды тұлалар, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

-

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы
  мәслихатының 2024 жылғы
  24 мамырдағы № 14-22
  шешіміне 2 қосымша

Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Жинау және тасымалдау

Сұрыптау

Көму

Барлығы

Құны (теңгенің қосылған құн салығынсыз)

Бір адамға

210

51

58

319


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады