Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 120 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі C. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы "14" мамырдағы
№ 120 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы "14" мамырдағы
№ 120 қаулысымен
  бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері

№ п/п

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері

1

Бірінші сортты бидай ұны

1 (бір) килограмм

288

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

1 (бір) килограмм

279

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

543

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

558

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

771

6

Картоп

1 (бір) килограмм

212

7

Асханалық сәбіз

1 (бір) килограмм

229

8

Басты пияз

1 (бір) килограмм

168

9

Ақ қауданды қырыққабат

1 (бір) килограмм

240

10

Ақ қант - құмшекер

1 (бір) килограмм

584

11

Күнбағыс майы

1 (бір)
литр

883

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

1 (бір) килограмм

3085

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

1 (бір) килограмм

1546

14

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

1 (бір) килограмм

5141

15

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

ондық

705

16

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа)

1 (бір) килограмм

104

17

Сүзбе: майлылығы 5 – 9%

1 (бір) килограмм

1948


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады