Қызылқоға ауданы әкімінің "Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 23 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қызылқоға ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 13 "Қызылқоға ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 195117 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады