"Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 82 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау және одан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 75 "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Р. Ибрагимов

  Мақат ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
"30" сәуірдегі № 82 қаулысына
қосымша

"Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық –құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060600, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Саламат Мұқашев көшесі, 36.

      10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету;

      2) Заңнамалық белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету;

      3) Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, инженерлік инфрақұрлым, автомобильдер жолдарының қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарының қажеттіліктерін анықтау;

      4) Аудан аумағындағы жолаушылар көлігі қозғалысының кестесін жасақтау және қозғалыс уақыты мен кестесінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

      5) Жолаушылар тасымалдауға көлік құралдарының қажеттілігін, жолаушылар тасымалдау және жолаушылар айналымы көлемдеріне талдау жасау;

      6) Жөндеу объектілері бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз ету, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылау;

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - Мемлекеттік мекеме құзыретіне кіретін аудан әкімдігінің және (немесе) әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;

      - заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ мәліметтерді басқа мемлекеттік органдарға ұсыну;

      - Мемлекеттік мекемеге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаражатын өз мақсатында пайдалануына бақылау жасау, қаржылық құжаттарымен, шығын сметаларына қол қою, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтау;

      - аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқармалар алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер беру.

      - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізу;

      - Мемлекеттік мекемемен жүргізіліп жатқан құрылыс –монтаждау жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беру;

      - өндірістік құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасауға және өзара қарым-қатынас жасау;

      - жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және соған қатысу;

      - елді-мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамассыз ету, және басқада коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылау;

      - әлеуметтік және әр түрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық құрылымдарын объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысу және көмектесу;

      - Тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай – ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктердің жүзеге асырады;

      2) міндеттері:

      - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;

      - жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз, өтініш, ұсыныс, хабарламаларын Заң аясында қарап, уақытылы жауап береді. Қажет болған жағдайда, өз құзыреті шегінде тексеруді ұйымдастырады және шешуі бойынша ұсыныс бере алады;

      - заңнамалық белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

      - теңгеріміндегі коммуналдық мүліктің мақсатына сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      - кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, аудан елді-мекендерінде көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының іс-шараларын жасақтап, санитарлық талаптарға сәйкес күтіп, ұсталуын қадағалайды;

      - мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, аудандық маңызы бар автокөлік жолдары, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің құрылысын салу, оларды ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ мердігерлерді анықтау үшін өткізілетін конкурстарды ұйымдастырады. Мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды. Құрылыс монтаж жұмыстары барысында құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді;

      - осы Ереже, Қазақстан Республикасның өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      15. Функциялары:

      - тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз етеді.

      - коммуналдық меншіктегі инфрақұрылым жүйелерінің ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастырады;

      - елді-мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      - елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындайды;

      - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келіседі;

      - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;

      - Заңды және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасақтайды;

      - пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерi өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

      - уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      - жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда жиналыс шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді;

      - жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      - жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      - жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      - Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын жекеленген санаттар бойынша есепке алады және кезекке қояды;

      - Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;

      - заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады;

      - аудан елді-мекендерінің көшелерінің жолдарын және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастырады;

      - Мемлекеттік мекеме теңгеріміндегі автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;

      - жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарына сәйкес және құқық қорғау органдарының ұсынысымен аудан елді-мекендерінің көшелерінің және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында тиісті жол белгілерінің, жасанды бұдырлардың қондырылуын және жол таңбасының сызылуын қамтамасыз етеді;

      - аудан деңгейінде жолаушыларды және қол жүктерін ауданаралық тұрақты тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурстарды ұйымдастырып, өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітеді;

      - субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың тізбесіндегі субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар маршрут болып айқындалған маршруттарды аудандық комиссия шешімі негізінде тасымылдаушы залалдарын субсидиялауды ұйымдастыру;

      - таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.

3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - Мемлекеттік мекеменің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, Мемлекеттік мекемеге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады, бұйрық шығарады;

      - заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;

      - белгіленген тәртіпке сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

      - қызметтік құжаттарға Мемлекеттік мекеме басшысы ретінде қол қояды;

      - тұрғындарды жеке қабылдауды ұйымдастырады;

      - мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Мемлекеттік мекеме басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады