Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шанғалаев |
Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 108-VIIІ шешіміне қосымша |
Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Өлшем бірлігі | Тенге, қосылған құн салығымен |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 153 |
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) | 1 м3 | 754 |