Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 149 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2024-2025 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туризм саласындағы білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. Маржықпаев

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 149 бұйрығына
қосымша 1

2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 149 бұйрығына
қосымша 2

2024-2025 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі

      Жоғары білім

Оқытудың толық түрі

B091 – Туризм

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

B092 – Тынығу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

B093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қысқартылған оқу

B091 – Туризм

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

B092 – Тынығу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

B093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

1

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 149 бұйрығына
қосымша 3

2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Коды

Топтың атауы

Гранттың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

1.

В091

Туризм

352

352

2.

В092

Тынығу

200

200

3.

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

140

140

4.

Барлығы

692

692

Бөлімше 1. Квоталар

5.

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз

8

6.

басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз

4

7.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз

32

8.

жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз

8

9.

кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз

40

10.

кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз

8

11.

бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз

8

12.

Барлығы

108

13.

Қорытынды

800

14.

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы бойынша қорытынды

800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады