Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 31 "Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды жүзеге асырады;
11-2) жұмыс берушінің осы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 122-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
11-3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркейді және есепке алуды жүргізеді;".
2. "Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |