Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 186 "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 28 тамыздағы № 172 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 186 "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады