"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 178 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "05" қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
қосымша

"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісін жүргізу және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар бар болған кезде), мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көшесі, №20 ғимарат.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12.Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Түркістан облысы экономикасының өсу қарқынын жылдамдату және ортажылдамдық перспективасында цифрлы технологияны қолдану арқылы тұрғындар өмірінің сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақжылдамдық перспективасында цифрлы экономика құру мақсатында облыс экономикасының жаңа даму бағытына көшуіне жағдай жасау және мемлекеттік қызметтер көрсету, архив ісі және құжат жасау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1)құқықтары:

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;

      облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдары, аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жасап, қорытындысы бойынша облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

      өз құзыреті шегінде "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады;

      өз құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады;

      заңнамада көрсетілген негізде басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

      2)міндеттері:

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      Түркістан облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, қалыптастыруды, есебін жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету;

      экономиканың негізгі саласына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу шараларын қамтамасыз ету;

      жергілікті және атқарушы органдарда жобалық қызметтерді әкімшілендіру, жобаны басқарудың барлық кезеңіне бақылау жасау және мониторинг жүргізу;

      "Smart City" технологиясын енгізу жұмыстарын үйлестіру.

      15. Функциялары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      3)жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

      4) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

      5)өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;

      6)цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;

      7)техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;

      8)"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;

      9)мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады;

      10) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;

      11) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді;

      12) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

      13)операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;

      14) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;

      15) операторға деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;

      16) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;

      17)уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      18) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;

      19) пошта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ пошта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;

      20) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынады;

      21)облыс әкімдігіне облыстың даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.

      22)облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында "Smart City" жобасын дамытуды бақылау;

      23) "Smart City" жобасын дамытуға бағытталған техникалық ұсыныстар жиынтығын және ұйымдастырушылық іс-шараларды енгізу;

      24) "Smart City" жобасын дамытуға бағытталған техникалық ұсыныстар жиынтығын және ұйымдастырушылық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;

      25)шетелдердің оқу семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технология саласында халықаралық тәжірибені зерттеу;

      26)жергілікті атқарушы органдарды цифрландыру, автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы қаржылық есептеулер мен шығыстарды үйлестіру;

      27)үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      28)байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      29)жергілікті атқарушы органдарда ведомствоаралық ақпараттық жүйені қолдану барысына мониторинг жүргізу;

      30)жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелермен, азаматтармен және ұйымдармен ақпараттандыру, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша бірлесе әрекет ету;

      31)облыс әкімдігіне ұсыныс енгізумен уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітуді қамтамасыз ету;

      32) ақпараттандыру, автоматтандыру және ақпараттық жүйені жетілдіру саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу;

      33)техникалық сипаттамаларды және басқа да ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді келісу;

      34)компьютер және ұйымдастыру техникаларына және сервер қондырғыларына жоспарлы түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;

      35)әкім қызметін және басқарманың ақпараттық даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша техникалық және ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;

      36)жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың ақпараттық жүйесін енгізу және пайдаланудың бірыңғай іс-шарасын ұйымдастыру;

      37)ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар жүргізу;

      38)кеңжолақты ғаламторды пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу;

      39) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      40) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      41) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      42) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      43) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

      44) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады;

      45) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;

      46) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      47) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      48) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;

      49) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

      51) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      52) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.

      53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу;

      54) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

      55)облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      56)коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

      57)құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

      58)облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

      59)облыстың аумағында орналасқан архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;

      60)облыстың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;

      61)жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

      62)облыс әкімдігінің бекiтуіне сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi енгізу;

      63)Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

      64)қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуді ұйымдастыру;

      65)облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;

      66)Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      6) келісімшарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банктік шоттар ашады;

      9) өз уәкілеттігі шегінде "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, сондай-ақ "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;

      13) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      15) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережесін бекітеді, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік архивтердің құрлымын, штат санын және еңбек жалақысы шегінде архивтік мекемелер жүйесін бекітеді.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Басқарманың аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе лауазымды тұлға басқарма басшысы басқарады.

      22. Басқарманың алқалы органдары жоқ.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және бюджет заңнамасында және Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан өзіне бекітіліп берілген, оның теңгеріміндегі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Түркістан облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Кентау өңірлік мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Арыс қалалық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Бәйдібек аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Келес аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Мақтаарал аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Ордабасы аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Отырар аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Сарыағаш аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Сайрам аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Созақ аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Төлеби аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Түлкібас аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17)"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Түркістан қалалық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Шардара аудандық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Цифрлық даму орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады