Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6176 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:
Қосымша дәрі-дәрмектердің, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың аталуы | Азаматтар санаты |
Натрия хлориды 3-5-7% дейін + Гиалуронат натрия 0,1% ингаляцияға арналған ерітінді | 18 жасқа дейінгі балаларға |
Тофацитиниб 5мг | 18 жасқа дейінгі балаларға |
Триентин дигидрохлорид 250 мг | Барлық санаттар |
Акалабрутиниб 100 мг | Барлық санаттар |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н.Әбішов |