Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облыстық мәслихатының "Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/129-VIІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25922 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 70 теңге;
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтыншулар үшін - 80 теңге.".
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |