Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігі Дермене ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 53 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Дермене ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" АҚ Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі, Дермене ауылы, Ы.Алтынсарин көшесінен талшықты-оптиқалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі 0,0165 га жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Арыс қаласы "Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дермене ауылдық округінің әкімі А.Курманхожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады