Қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 22 ақпандағы № 74 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 – бабына сәйкес Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Қарнақ ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қарнақ ауылы, Құсшы ата елді мекені, Кентау көшесінен жалпы көлемі 0,1080 га жер учаскесіне автожол құрылысын салу үшін жер пайдаланушыдан алып қоймай 19 (он тоғыз жыл) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

      Қала әкімі Ж.Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
"__"_____2024 жылғы
қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

Абсадиков Изатулла Абилпатшаевич (кад №19-304-001-2510)

0,1080 га

0,1080 га



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады