Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 14/96-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазығұрт ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов

  Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
06 мамырдағы №14/96-VIII
шешіміне 1 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,10
1,72

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,07

3

Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

--

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,29

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланысбөлімшелері

1 қызметкер

0,83

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,55

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,31

8

Мектептер және өзге де оқуорындары

1 оқушы

0,10

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,12

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,50

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,01

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,04

13

Спорт, бижәнеойынзалдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

14

Азық-түлік, өнеркәсіптіктауардүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

1,54

15

Машиналар сату

Сауда орнының 1 м2

--

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,23

17

Өнеркәсіптік, азық-түліктауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы1 м2

0,69

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,18

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,42

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

3,16

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,47

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

--

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,94

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,58

27

Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,36

29

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,42

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,03

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

--

  Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
06 мамырдағы №14/96-VIII
шешіміне 2 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын, айына

144

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын, айына

226

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1575


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады