Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 71 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімінің 28.08.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 05 шілдедегі № 02-05/189 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас уақ малдың ішкі ағзасынан бактериялық зерттеулер нәтижесінде, "Бруцеллез" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қызылқия ауылы округі, Қызылсеңгір елді мекені, Қонаев № 36, 40, 44, 49А. Қалниязов № 31, 35, 36, 39, 41, 40А, Құрымбаев № 14, 23 тұрғын үйлердің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Б.Махсутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады