Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 08-02-07/246 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылы округі, Қызылсеңгір елді мекені, Қонаев № 36, 40, 44, 49А, Қалниязов № 31, 35, 36, 39, 41, 40 А, Құрымбаев № 14, 23 тұрғын үйлердің аумағына "Бруцеллез" ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылы округі әкімінің 2024 жылғы 11 шілдедегі №71 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Б.Махсутов |