Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкiмiнiң 2024 жылғы 12 наурыздағы № 30 шешiмi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 03 мамырдағы қорытындысы негізінде Атакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атакент кентіндегі В.Маяковский көшесіне Әйтеке би көшесі деп қайта атау берілсін.

      2. Атакент кентіндегі А.Пушкин көшесіне Түркістан көшесі деп қайта атау берілсін.

      3. Мақтаарал ауданының "Атакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК Түркістан обласы филиалының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауын және тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін "Мақтаарал ауданы әкімдігінің Атакент кенті әкімі аппараты" ММ-нің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атакент кенті әкімі С.Азимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады