"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1, 6-тармақтарына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 тіркелген) сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Ақтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Балтакөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
5. Көксарай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
6. Қарақоңыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
7. Қарғалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
8. Қоғам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
9. Талапты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 9-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
10. Темір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
11. Маяқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 11-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
12. Шәуілдір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 12-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
13. Шілік ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 13-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
14. Отырар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 14-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
15. Отырар ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері осы шешімнің 15-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
16. "Отырар ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/126-VI "Отырар аудандық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 8/45-VII шешiмiнің күші жойылсын.
17. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 1 қосымша |
Отырар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Отырар ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі.
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 2 қосымша |
Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Аққұм ауылдық округінің елді мекенінің, көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Бегім Әбдрахманов | 1 |
2 | Үш там | 1 |
3 | Сәкен Сейфуллин | 1 |
4 | Шекер Асанов | 1 |
5 | Жәнібек Омарұлы | 1 |
6 | Лесбай Оспанов | 1 |
7 | Амангелді Иманов | 1 |
8 | Абдулла Жармағамбетов | 1 |
9 | Иса Байдаулетов | 1 |
10 | Жамбыл | 1 |
11 | Сай ауыл | 1 |
Барлығы | 11 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 3 қосымша |
Ақтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Ақтөбе ауылдық округінің елді мекенінің, көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Қ.Мұңайтпасов | 3 |
2 | А.Құнанбаев | 3 |
3 | М.Әлімбеков | 2 |
4 | Ә.Құрамысов | 2 |
5 | Д.Жалмырзаев | 1 |
6 | Б.Сейілбеков | 1 |
7 | Т.Қарақұлұлы | 1 |
8 | Ә.Тілеубаев | 1 |
9 | Бірлік | 1 |
10 | Ынтымақ | 1 |
11 | Жаңа көше | 1 |
Барлығы | 17 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 4 қосымша |
Балтакөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Балтакөл ауылдық округінің елді мекенінің, көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Тәтібай | 2 |
2 | Арыс Мүтәлі | 3 |
3 | Әділбеков Қайырбек | 1 |
4 | Ботабеков Зияш | 1 |
5 | Сүлейменов Тінейқұл | 2 |
6 | Жабаев Жамбыл | 1 |
7 | Майлин Бейімбет | 1 |
8 | Жұмағұлов Бұқар | 2 |
9 | Әуесханов Құлназар | 2 |
10 | Ыдырысов Садуахас | 1 |
11 | Көбеев Мақсұт | 1 |
12 | Әжіқабылов Мұсахан | 1 |
13 | Алтаев Адасқан | 1 |
14 | Молдағұлова Әлия | 1 |
15 | Әбуова Тәушен | 1 |
16 | Құрбан ата | 1 |
17 | Сандыбаев Әбу | 2 |
18 | Ернішев Әсілбек | 1 |
19 | Тәукебай | 2 |
20 | Қалмырзаев Еркінбек | 1 |
21 | Асан Ата | 1 |
22 | Азаматов Құрбанәлі | 1 |
Барлығы | 30 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 5 қосымша |
Көксарай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көшелердің атауы | Өкілдерінің сандық құрамы (адам) |
Көксарай ауыл округі | ||
1 | А.Асылбеков | 1 |
2 | Көксарай | 1 |
3 | Бейбітшілік | 1 |
4 | Төле би | 1 |
5 | Ынтымақ | 1 |
6 | Самал | 1 |
7 | Байтерек | 1 |
8 | К .Досанов | 1 |
9 | Арай | 1 |
10 | К.Кадиров | 1 |
11 | Мереке | 1 |
12 | Нұр | 1 |
13 | Гүлдала | 1 |
14 | Көктем | 1 |
15 | Н .Исмаилов | 1 |
16 | У. Исмаилов | 1 |
17 | Қазыбек Би | 1 |
18 | Шапағат | 1 |
19 | Мирас | 1 |
20 | Наурыз | 1 |
21 | М. Сенгірбеков | 1 |
22 | Астана | 1 |
23 | Сымбат | 1 |
24 | Көшмырзаев | 1 |
25 | Достық | 1 |
26 | Б.Кадирбердиев | 1 |
27 | Алатау Батыр | 1 |
Шеңгелді елді-мекені | ||
1 | К.Арынов | 1 |
2 | Нұрлы жол | 1 |
3 | Бірлік | 1 |
4 | Шекер | |
Жанкел елді-мекені | ||
1 | Жұлдыз | 1 |
Ызакөл елді-мекені | ||
1 | Алмалы | |
2 | Тәуелсіздік | |
Барлығы | 34 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 6 қосымша |
Қарақоңыр ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
Ш.Қалдаяқов ауылы | ||
1 | Щ.Ерманов | 1 |
2 | Ж.Сахов | 1 |
3 | А.Махатов | 1 |
4 | Азаттық | 1 |
5 | А.Дүтбаев | 1 |
6 | Парасат | 1 |
7 | Қайнар | 1 |
8 | Үшқоңыр | 1 |
9 | А.Ибраев | 1 |
10 | А.Паржанов | 1 |
11 | Әділет | 1 |
12 | Талап | 1 |
13 | Жеңіс | 1 |
14 | С.Сыздықбеков | 1 |
15 | А.Жармухамедов | 1 |
16 | Т.Бердалиев | 1 |
17 | Жұлдыз | 1 |
18 | Шаттық | 1 |
19 | Отан | 1 |
20 | Ынтымақ | 1 |
21 | Салтанат | 1 |
22 | Тәуелсіздік | 1 |
23 | Көктем | 1 |
Арыс елді мекені | ||
1 | У.Илиясов | 1 |
2 | Ш.Әбілқасымов | 1 |
Қарақоңыр ТЖБ | ||
1 | Ә.Шонтықов | 1 |
2 | М.Нұрымбетов | 1 |
3 | С.Илимбеков | 1 |
Қостүйін елді мекені | ||
1 | Ж.Ержанов | 1 |
2 | О.Әшірбеков | 1 |
Бестораңғыл елді мекені | ||
1 | А.Исабаев | 1 |
2 | Д.Шырынбеков | 1 |
Сырдария елді мекені | ||
1 | Р.Бәдіренов | 1 |
2 | Ж.Байдабеков | 1 |
Барлығы | 34 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 7 қосымша |
Қарғалы ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
1. | Әбілда Жүсіпбаев | 3 |
2. | Әуез Әйменұлы | 2 |
3. | Ақылхан Бесеубаев | 2 |
4. | Бердіқұл Бөлекбаев | 2 |
5. | Темірбек Ибрагимов | 1 |
6. | Достық | 1 |
7. | Әділет | 1 |
8. | Бірлік | 1 |
9. | Наурыз | 1 |
10. | Дәулет | 1 |
11. | Балтабай Тебеев | 2 |
12. | Серік Дербісбаев | 1 |
13. | Қали Қожахметов | 2 |
14. | Бейбітшілік | 1 |
15. | Лайық Сүлейменов | 2 |
16. | Қарғалы | 1 |
17. | Аңламас Раев | 1 |
Барлығы | 25 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 8 қосымша |
Қоғам ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелердің атауы | Өкілдерінің сандық құрамы (адам) |
Қоғам ауыл округі | ||
1 | Ө.Әуелбеков | 1 |
2 | Қ.Нарымбетов | 1 |
3 | Бейбітшілік | 1 |
4 | Бірлік | 1 |
5 | Ынтымақ | 1 |
6 | Ж.Жұмагелдиев | 1 |
7 | Б.Әшіров | 1 |
8 | Қ.Қайназаров | 1 |
9 | Болашақ | 1 |
10 | М.Қайназарұлы | 1 |
11 | Бескепе | 1 |
Мыңшұңқыр елді-мекені | ||
1 | Ә.Сарбасұлы | 1 |
2 | Көктөбе | 1 |
3 | Пышақшы төбе | 1 |
Талапты елді-мекені | ||
1 | Тәуелсіздік | 1 |
2 | С.Жиернбаев | 1 |
3 | Атамекен | 1 |
4 | А.Жалтыров | 1 |
5 | Ж.Смайылов | 1 |
6 | Үшқоңыр | 1 |
7 | А.Әйтпенбетов | 1 |
Барлығы | 21 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 9 қосымша |
Талапты ауыл округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Ауыл,ауылдық округі,көше,көппәтерлі тұрғын үй атаулары | Өкілдерінің сандық құрамы(адам) |
Сарыкөл ауылы | ||
1 | Шәмші Қалдаяқов көшесі | 3 |
Шытты ауылы | ||
1 | Мырзахан Сәрсенбаев көшесі | 3 |
2 | Мүлкібай Түкібайұлы көшесі | 1 |
3 | Мәңгілік Ел көшесі | 1 |
4 | Өтеген Аңдамасов көшесі | 1 |
5 | Достық көшесі | 1 |
6 | Артық Құдайбергенов көшесі | 1 |
7 | Кәумен Серікбаев көшесі | 1 |
8 | Ынтымақ көшесі | 1 |
9 | Қыздархан Өмірзақова көшесі | 1 |
10 | Нүрілда Нәлібаев көшесі | 1 |
11 | Нәлібек Нұрқұлов көшесі | 1 |
Ынталы ауылы | ||
1 | Сейділда Айнабеков көшесі | 1 |
2 | Нұрыш Тасыбаев көшесі | 2 |
3 | Мұхтар Дәрімбеков көшесі | 1 |
4 | Ұланбек Арғынбеков көшесі | 2 |
Көкмардан ауылы | ||
1 | Момбек Қабылов көшесі көшесі | 3 |
2 | Алтынбек Дәрібаев көшесі көшесі | 1 |
3 | Мырзахан Сәрсенбаев көшесі | 3 |
4 | Тойшы Бейсенбі көшесі | 1 |
5 | Әлмахан Қошаманов көшесі | 1 |
6 | Әлпейіс Әйтпенбетов көшесі | 2 |
7 | Рәтқұл Оспанқұлов | 3 |
8 | Ділдәбек Жезмырзаев | 1 |
9 | Астана | 1 |
10 | Бейбітшілік | 1 |
11 | Мінайдар Қарамолдаев | 1 |
12 | Жүніс Тастанбеков | 2 |
Барлығы | 42 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 10 қосымша |
Темір ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
1 | М.Әлиев | 2 |
2 | Б.Басов | 2 |
3 | А.Қазиев | 1 |
4 | Жібек жолы | 2 |
5 | А.Қаныбеков | 2 |
6 | Б.Момышұлы | 2 |
7 | Әл Фараби | 1 |
8 | Ж.Қазиева | 1 |
9 | Ы.Мизамбаев | 1 |
10 | Т.Ибрагимов | 2 |
11 | А.Ерсүгіров | 1 |
12 | Н.Төреқұлов | 1 |
13 | Р.Әбдірайымов | 2 |
14 | Н.Құлымбетов | 1 |
15 | Ж.Оңғарбаев | 1 |
16 | М.Батырбеков | 1 |
17 | А.Алимов | 1 |
18 | М.Құлымбетов | 1 |
19 | Теріскей | 2 |
20 | С.Әлиев | 1 |
Барлығы | 28 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 11 қосымша |
Маяқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Маяқұм ауылдық округінің елді мекенінің, көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ө.Жәнібеков | 3 |
2 | С.Сейітбеков | 2 |
3 | И.Қыдырбаев | 3 |
4 | С.Рахымов | 2 |
5 | А.Шерімқұлов | 2 |
6 | Н.Құлымбетов | 1 |
7 | Ж.Әуелбеков | 1 |
8 | Қ.Сұлтанбаев | 2 |
9 | Х.Жұмабеков | 1 |
10 | Т.Бойтанов | 2 |
11 | М.Байжанов | 2 |
12 | К.Байсейітова | 1 |
13 | Рахым | 1 |
14 | Қ.Қуатбеков | 3 |
15 | А.Белгібаев | 1 |
16 | Ә.Майданов | 1 |
17 | Ә.Байымбетов | 2 |
18 | Е.Әнетбеков | 1 |
19 | Р.Мырзабеков | 2 |
20 | Т.Сыздықов | 1 |
21 | К.Сапахов | 3 |
22 | Қайрат | 2 |
23 | Әл-Фараби | 1 |
24 | О.Шораев | 2 |
Бестам | ||
1. | Н.Иманов | 1 |
Қостерек | ||
1 | Қ.Шалабаев | 2 |
2 | Б.Қарабаев | 1 |
3 | Н.Оспанов | 1 |
4 | Әліпбек ата | 2 |
Барлығы | 45 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 12 қосымша |
Шәуілдір ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
1 | Сейіл Романов | 1 |
2 | Күлесал Тәжібекова | 1 |
3 | Мамырхан Ыбыраев | 1 |
4 | Айнабек Диханбаев | 1 |
5 | Көкжайлау | 1 |
6 | Жетіген | 1 |
7 | Алатау батыр | 1 |
8 | Сыпабек Құрманбеков | 3 |
9 | Бекболат Төребеков | 1 |
10 | Қаныш Сәтбаев | 2 |
11 | Сәкен Сейфуллин | 2 |
12 | Алтынбек Дәрібаев | 1 |
13 | Ерсұлтан Аманбаев | 1 |
14 | Жарас Рүстемов | 2 |
15 | Әбжаппар Жылқышиев | 1 |
16 | Әлия Молдағұлова | 1 |
17 | Дүйсенбай Алтынбеков | 3 |
18 | Кенесары | 1 |
19 | Әлихан Көкішов | 1 |
20 | Тұрғанбай Бозшабаев | 2 |
21 | Мәншүк Мәметова | 1 |
22 | Мұсахан Әжібеков | 1 |
23 | Ахмет Айтуаров | 1 |
24 | Жұмабай Есболаев | 1 |
25 | Түркістан | 1 |
26 | Жабатай Жанұзақов | 2 |
27 | Мұхтар Әуезов | 3 |
28 | Дәуренбек Құрманбеков | 2 |
29 | Рысқұл Бейімбетов | 1 |
30 | Ордабай Бәймішов | 1 |
31 | Тоқтар Әубәкіров | 3 |
32 | Әлмет Қалауов | 1 |
33 | Жұмамұрат Тұяқбаев | 1 |
34 | Текебай Сәрсенбаев | 2 |
35 | Нұртас Оңдасынов | 2 |
36 | Жарылқасын Дербісов | 1 |
37 | Фатима Садықбекқызы | 2 |
38 | Сұлтанбек Қожанов | 1 |
39 | Сүлеймен Өтебеков | 1 |
40 | Аманкелді | 1 |
41 | Уәлихан Қамбарбеков | 1 |
42 | Алтынбек Кенжеков | 1 |
43 | Рахманберді Әбдірайымов | 2 |
44 | Дүйсенқұл Сарқұлов | 1 |
45 | Қияс Тастанбеков | 1 |
46 | Сәбденбек Нарбекұлы | 1 |
47 | Рахматулла Нәлібаев | 1 |
48 | Сыпақұл Малдыбеков | 1 |
49 | Қызбала Жақсылықова | 1 |
50 | Есен Әнетбеков | 1 |
51 | Кенжебек Момбеков | 1 |
52 | Саттар Ерубаев | 1 |
53 | Әлшері Смайылов | 1 |
54 | Арқабай Құрманбаев | 1 |
55 | Абай | 1 |
56 | Шоқан Уалиханов | 1 |
57 | Әсембек Қаныбеков | 1 |
58 | Жамалбек Шәймерденов | 1 |
59 | Қожан Дүтбаев | 1 |
60 | Қажымұхан Мұңайтпасов | 1 |
61 | Алашбек Құлбатыров | 1 |
62 | Қалжігіт Төлбасиев | 1 |
63 | Балбырауын | 1 |
64 | Әбдіқадыр Үмбетов | 1 |
65 | Мырзалы Байтас | 1 |
66 | Құлагер | 1 |
67 | Дулыға | 1 |
68 | Нәзір Төреқұлов | 1 |
69 | Ақберен | 1 |
70 | Темірқазық | 1 |
71 | Саржайлау | 1 |
72 | Қаракөншек | 1 |
73 | Берен | 1 |
74 | Достық | 1 |
75 | Бозінген | 1 |
76 | Көкмайса | 1 |
77 | Нұрыш Тасыбаев | 1 |
78 | Ермұрат Байболаев | 1 |
79 | Атахал Махамбетов | 1 |
80 | Жібек Жолы даңғылы | 3 |
81 | Ұланбек Арғынбеков | 3 |
Барлығы | 103 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 13 қосымша |
Шілік ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
1 | Қажымұқан Мұңайтпасов | 1 |
2 | Шоқан Уалиханов | 1 |
3 | Абай Құнанбаев | 1 |
4 | Мұхтар Әуезов | 1 |
5 | Амангелді Иманов | 1 |
6 | Тұрғанбай датқа | 1 |
7 | Ардагер | 1 |
8 | Жамбыл Жабаев | 1 |
9 | Иманжүсіп Құтпанұлы | 1 |
10 | Сәкен Сейфуллин | 1 |
11 | Мәншүк Мәметова | 1 |
12 | Жеңіс | 1 |
13 | Бейбітшілік | 1 |
14 | Бірлік | 1 |
15 | Арыстанбаб | 1 |
16 | Ардагерлер | 1 |
17 | Исаев Садыр | 1 |
18 | Қожа Ахмет Яассауи | 1 |
Барлығы | 18 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 14 қосымша |
Отырар ауыл округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы.
№ | Көшелер атауы | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
1 | Тұрлыбек Таубеков | 2 |
2 | Айтахан Момбеков | 1 |
3 | Омаш Намайұлы | 2 |
4 | Байсын Құттыжолұлы | 2 |
5 | Алашбек Құлбатыров | 2 |
6 | Қанжігіт Төлбасиев | 2 |
7 | Төке Танкеев | 2 |
8 | Кенжебек Момбек | 2 |
9 | Сапарбек Ағыбаев | 2 |
10 | Нұрмағанбет Құлымбетов | 2 |
11 | Ораз Жандосов | 1 |
12 | Егемендік | 2 |
13 | Сапақбай Төлемісов | 2 |
14 | Тұрмағанбет Досбердиев | 1 |
15 | Қызбала Жақсылықова | 1 |
16 | Әбдікерім Есжанов | 2 |
17 | Абай | 2 |
18 | Сұлтан Бейбарыс | 1 |
19 | Әлшері Смайылов | 1 |
20 | Күлтегін | 2 |
21 | Пірман Қалыбеков | 2 |
22 | Бекбай Қабылов | 2 |
23 | Нартай Беймурзаев | 3 |
24 | Парасат | 1 |
25 | Алаш | 2 |
26 | Назір Төреқұлов | 1 |
27 | Сырым Батыр | 2 |
28 | Қарасай Батыр | 1 |
29 | Асанқайғы Сабитұлы | 1 |
30 | Қасым хан | 1 |
31 | Жәнібек хан | 1 |
32 | Достық | 1 |
33 | Едіге | 1 |
34 | Қорқыт | 2 |
35 | Қарабек Киізбаев | 1 |
36 | Батырбек Айтпенов | 1 |
37 | Қожан Дүтбаев | 1 |
38 | Оспан Намаев | 1 |
39 | Смағұл Малдыбеков | 3 |
40 | Абдікерім Сержанов | 1 |
41 | Жеңіс | 1 |
Барлығы | 64 |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 06 тамыздағы № 18/103-VIII шешіміне 15 қосымша |
Отырар ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Отырар ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Отырар ауданының ауылдық округтерінің бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес, Отырар ауданының ауылдық округтерінің бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты Отырар ауданының ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
3. Жиналыс регламентін Отырар ауданы мәслихаты бекітеді.
4. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.
Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Отырар ауданының ауылдық округтерінің халқының жалпы санына байланысты айқындалады:
1) 5 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-8 мүшесі;
2) 5-10 мың халық – жиналыстың 9-15 мүшесі;
3) 10 мыңнан астам халық – жиналыстың 16-20 мүшесі.
5. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.
6. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 5-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі.
7. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін лауазымнан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.
8. Жиналысты ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.
Ауылдық округ әкімі еркін нысанда жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
9. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.
10. Жиналысты шақыру алдында ауылдық округ әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін ауылдық округ әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
11. Жиналысты шақыруды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
12. Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, ауылдық округ әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
13. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері міндетті түрде қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
14. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
15. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.
16. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі қарайды және ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.
17. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкімі шешеді.
Ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде Отырар ауданының әкімнің және тиісті Отырар ауданы мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.
Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен Отырар ауданы мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.
18. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
19. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе немесе аудан әкімдігінің ресми сайты, интернет ресурстар арқылы таратады.
4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
20. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
21. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Отырар ауданының әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Отырар ауданының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.