Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агороөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16-125-VIII шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 24.09.2024 № 22-173-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      1. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының талаптарын сақтай отырып 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 24.09.2024 № 22-173-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады