"Damu Metals" ЖШС-не жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 99 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 17 бабының 1-1 тармақшасына және 71-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 31, 37 баптарына және "Damu Metals" ЖШС-нің Е-өтініш порталы арқылы 19.03.2024 жылғы №ЗТ-2024-03439123 өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Damu Metals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ ауданы аумағынан барлығы - 9417,25 гектар жер учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен 6 (алты) жыл мерзімге дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Damu Metals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға тапсырамын.

      Созақ ауданы әкімі М.Тұрысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады