Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 32 шешiмi

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4 тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне және аудандық жер қатынастары бөлімі бекіткен жерге орналастыру жобасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. "Кар-Тел" (Билайн) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Төлеби ауданындағы Beeline ұялы байланысымен сапасын жақсарту мақсатында, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін қосымша тіркелген сызбаға сәйкес, Киелітас ауылдық округі, Сұлтанрабат елді мекені аумағынан алаңы 0,24 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Төлеби ауданының "Киелітас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1)Осы шешім мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде көшірмесін Төлеби ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      2)Осы шешім тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) Ресми жарияланғанынан кейін осы шешім Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Туребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады